» » Халық санағы қалай өтеді?

Халық санағы қалай өтеді?

ҚАЗАҚСТАНДА КЕЗЕКТІ ХАЛЫҚ САНАҒЫ БИЫЛ 1 ҚЫРКҮЙЕК ПЕН 30 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА ӨТЕДІ. САНАҚ ҰРАНЫ – "ҚАЗАҚСТАНДА ƏРКІМ МАҢЫЗДЫ". ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ БИЫЛ САНАҚТЫ ӨТКІЗУ ПРОЦЕСІ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАНЫН ЖƏНЕ ОҒАН ЗАМАНАУИ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛГЕНІН ХАБАРЛАДЫ.
Биыл сауалнама парақтарын онлайн режимде өз бетінше немесе үй-үйді аралау кезінде офлайн толтыру мүмкіндігі қарастырылған. 1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz сайты жұмысын бастайды, мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн режимде сұрақтарға жауап бере алады. Ал дəстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында өтеді жəне ол белгіленген мерзім ішінде санаққа онлайн қатыспаған респонденттер арасында жүргізіледі. Бұл кезеңнің жаңалығы – интервьюерлердің үй аралау кезінде электронды планшет қолданады. Бұл санақ жүргізетін қызметкерлердің еңбек шығынын төмендетуге, мəліметтер сапасына адам факторының ықпалын азайтуға, ЖСН енгізе отырып, санақ мəліметтерінің нақтылық деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңселік құралдарды айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ, интервьюерлер үшін қолайлылық пен олардың жинақылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Sanaq.gov.kz қалай жұмыс істейді? Жүйе тəулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады. Респондент санаққа қатысу үшін өзіне ыңғайлы кез келген уақытты таңдай алады, сондай-ақ сайтта бланкты толтыруды тоқтату жəне оны толтыруды кейін қайта жалғастыру мүмкіндігі болады. Сонымен қатар, egov.kz электронды үкімет платформасында sanaq.gov.kz сайтының қосымша парағы орналастырылады, ол арқылы электронды цифрлы қолтаңбаны қолданып, санаққа қатысады. Мобильді азаматтар үшін Aitu мобильді қосымшасы арқылы Ұлттық санаққа қатысу мүмкіндігі ұсынылады. Неше сұрақ қойылады? 2021 жылғы ұлттық санақ кезінде барлығы 87 сұрақ (негізгі 67 сұрақ жəне оған қосымша 20 нақтылаушы сұрақ) қойылады. 2009 жылғы санақта 73 сұрақ болған. Биылғы санақта көші-қон, еңбекпен қамту, неке жағдайы, бала туу жəне тіл білуі бойынша сұрақтар аясы кеңейтілген. Сондайақ, БҰҰ-ның мүгедектік статистикасы жөніндегі Вашингтон тобымен ұсынылған жаңа сұрақтар қосылды, мұнда мүгедектік критерийлерін ескеріп, денсаулық сақтау статистикасы аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ету көзделген. Ұлттық санақ кезінде 1446 бірыңғай callорталығы жұмыс істейді. Ол елдің барлық аумағындағы мобильді жəне стационар телефондар үшін бірыңғай нөмір болады. Сондай-ақ, 8 8000 800 878 нөмірі жұмыс жасайды. Сall-орталыққа қоңырау шалу тегін. Респондент call-орталыққа 1446 нөмірі бойынша қоңырау шалған кезде кейбір айқын сұрақтар бойынша Бюроның аймақтардағы жəне Орталық аппараттағы сəйкесті телефон нөмірлеріне автоматты түрде қосулар жүргізіледі. Сонымен қатар, респонденттер кез келген арыз-сауалмен немесе кеңес алу үшін Бюроның http://stat.gov.kz интернетресурсына, Бюро басшысының блогына, сондай-ақ, əлеуметтік желілер арқылы (YouTube, Facebook, Instagram, Telegram) жүгіне алады. Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда өтетін ұлттық халық санағы туралы сұрақтарға жауап берген болатын. Пандемия кезінде халық санағын жүргізудің орындылығы туралы сұраққа бюро "санақ – бұл қажеттілік" деп жауап берді. "Ол 2020 жылдан 2021 жылға шегерілді, бірақ енді кейінге шегеруге болмайды. Санақты дайындау кезінде, əрине жағымсыз эпидемиологиялық жағдай ескерілді. Барлық сұқбат алушылар біріншіден, екпе алды, ал екіншіден, жеке қорғаныс құралдарымен қамтылды" дейді ведомство өкілі. "2018-2023 жылдарға арналған санақ бюджеті 9,1 миллиард теңге болған. Яғни, бір адамға шамамен 1,1 доллар. 2009 жылмен салыстырғанда санаққа үш есе (2,9 доллардан) аз ақша жұмсалған" деді бюро қызметкерлері. Департамент кейбір көрші елдерде жан басына шаққандағы халық санағы қымбат болғанын ескеру қажет деп санайды: Қырғызстанда – 1,2 доллар, Əзірбайжанда – 1,44 доллар, Ресейде – 3,6 доллар. Бюро бұл жоспарлаудың негізгі құралы екенін, оның арқасында ұлттық маңызы бар сұрақтарға жауап алу үшін түрлі ақпарат талданатынын айтты. "Сапалы статистика – "координаттар жүйесі" кез келген мемлекеттік бастаманың іргетасы. Мысалы, егер белгілі бір елді мекендегі мемлекеттік есеп нақты саннан артта қалса, барлық инфрақұрылым – мектептер, ауруханалар, көлік шамадан тыс жүктемемен жұмыс істейді. Ақпаратты дұрыс жинау жəне өңдеу статистикасы арқылы алдын ала көбірек балабақшалар салу, жұмыс орындарын қамтамасыз ету немесе жаңа автобус маршруттарын құру керек екенін біледі. Халық санағы тек біздің елде ғана емес, əлемнің көп елдерінде өте маңызды рəсім. БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған халық санағы мен тұрғын үй қорының Дүниежүзілік раунды аясында 2021 жылы санақ əлемнің 60-тан аса елінде өтеді" деп толықтырды ведомство. Халық санағы үш кезеңде өтеді: 2018-2020 жылдар – дайындық кезеңі. Бұл кезеңде іс-шаралар жоспарын бекіту, пилоттық санақ жүргізу, əдіснаманы əзірлеу жəне бекіту, санақ парақтарының бланкілерін əзірлеу жəне бекіту жүргізіледі. Негізгі кезең – 2021 жыл. Бұл санақ қызметкерлерін іріктеу жəне оқыту, аудандастыру; 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін респонденттерге интернет-сауалнама, 1-30 қазан аралығында планшетті немесе қағаз тасығышты пайдалана отырып интервьюерлердің респонденттерге сауалнамасы. Қорытынды кезең – 2022-2023 жылдар. Деректердің дұрыстығын анықтау үшін респонденттерді бақылау арқылы тексеру. Халық санағы – қоғамның əлеуметтік-демографиялық бейнесін бағалаудың құралы. Халық санағында сол аумақтағы халықтың саны, құрылымы, əлеуметтік-экономикалық сипаты туралы ақпарат жинақталады. Санақ қорытындылары бойынша халықтың табиғи жəне миграциялық қозғалысы нақтыланады.
"ҚТ" ақпарат
17 тамыз 2021 ж. 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031