» » Санақтың бірінші кезеңі аяқталды

Санақтың бірінші кезеңі аяқталды


1-30 маусым аралығында ұлттық халық санағының I кезеңі өтті. Тұрғынжайлар, тұрғын үйлер, ғимараттар және тұрғын емес үй-жайлар тізімдерін жасау жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева мәлімдеді.
I-кезеңдегі сұқбатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, әрбір санақ учаскелеріне облыстық ішкі істер департаментінің учаскелік инспекторлары бекітілді. Санақ жұмыстарына жастарды тарту мақсатында көбінесе облыстық «Жастар ресурстық орталығында» жұмыссыз тіркелген жастар мен студенттер тартылды.
«Алдағы II кезеңіндегі санақ жұмыстарына 1113 адам тартылатындығын және ол адамдардың планшетпен жұмыс жасай алуы керектігін ескерсек, жұмыспен қамту орталығы мен қала және аудан әкімдерінің үлкен көмегі керектігін баса айтқым келеді. Санақтың II-кезеңі 1қыркүйектен - 30 қазан аралығында тұрғындарды жаппай халық санағынан өткізу жұмыстары жүргізіледі. 1 қыркүйектен 15 қазан аралығында онлайн режимінде, 1-30 қазан аралығында планшет құрылғысымен», - деді М.Баекеева.
Айта кету керек, халықтың санаққа белсене қатысуы өте маңызды. Санақшының қойған сұрақтарына дұрыс жауап беру әр азаматтың міндеті, санақ нәтижелері үй шаруашылықтарының жағдайларын, отбасылық қатынастарды жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін, халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу үшін, сонымен қатар білім, жұмыспен қамту, туу және көші-қон мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау үшін қажет.

16 шілде 2021 ж. 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 356
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 130

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930