» » Ұлттық санақ өтеді

Ұлттық санақ өтеді

ҚР Үкіметінің «2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» 2019 жылғы 19 маусымдағы №419 қаулысына сәйкес 2021 жылдың 1-30 қазан аралығында ҚР халқының ұлттық санағы өткізіледі.
Халық санағы белгілі бір уақыт кезеңіндегі халықтың демографиялық, экономикалық және әлеуметтік дерек­терін қамтитын статистикалық тексеріс.
Халық санағының «Қазақстанда әркім маңызды» деген девизі мен логотипі бекітілді.
Жоғарыдағы қаулыға сәйкес Қа­зақстан халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастыру және нұсқаушылық мә­селелерді шешу үшін облыстық, аудандық деңгейлерде комиссиялар құрылды.
Биылғы халық санағының бұ­рынғы санақтардан айырма­шы­лы­ғы ақпаратты технологияларды қол­дана отырып, басым бөлігінде ға­ламтор желісіне қосылған құрыл­ғылармен (планшеттер) өткізілуінде болып отыр.
Халық санағының «Дайындық кезеңі» бойынша кент, ауыл округтері ішіндегі тұрғын үйлер, ғимараттар тұрғын үй емес нысандардың мекен-жай деректерін анықтау, нақтылау, түзетулер енгізу сұхбатшы арқылы анықталып, ақпарат уәкілетті тұлғада жинақталады. Бұл жұмыстар 1 кезеңде 1-30 маусым аралығында атқарылады.
Ал екінші кезең санақтың негізгі өткізілу барысы болып саналады. Бұл 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн режимінде өтеді. Әрбір саналы азамат Sanag.gov.kz арқылы жүйеге тіркеліп, санақ парақтарын толтырып, қорытындыны сақтап және одан өткендігі жөнінде ұялы телефон арқылы смс қорытындысын алады. Аталған шаралар жоспарлы түрде атқарылғаннан кейін 2021 жылдың 1-30 қазан аралығында жинақталған барлық ақпарат планшеттер арқылы халық санағы ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
Санақ онлайн режимінде және планшеттермен жүргізілетіндіктен, әсіресе ауылдық елді мекендердегі халық бекітілген учаскелерге келіп, санақтан онлайн режимінде өтсе деген ұсынысымызды білдіреміз. Әрбір учаске компьютер, интернет желісімен қамтамасыз етіледі. Негізінен алдағы халық санағына дайындық жұмыстары үшін 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап кент және ауылдық округі әкімдері көшелер, кварталдар, тұйықтардағы тұрғын үй, тұрғын үй емес үйлер санын түгендеп, аншлагтар орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр, – дейді статистика басқармасының басшысы.
Науқанға белсенді түрде қатысайық, ағайын!

Кенжебек ТАҢБАЕВ,
Ұлттық статистика бюросы, Қызылорда облысы бойынша
департамент, Қармақшы ауданының статис­тика басқармасының басшысы
29 мамыр 2021 ж. 794 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031