» » Облыс әкімі "Тұрмағамбет" ЖШС егін жайымен танысты

Облыс әкімі "Тұрмағамбет" ЖШС егін жайымен танысты

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Дауылкөл ауылдық округіне қарасты «Тұрмағамбет» ЖШС-нің күріш алқабына барып, жұмысын көрді. «Тұрмағамбет» ЖШС директоры Нұржан Пірмантаев қырманда күзгі егін жинау барысымен таныстырды. Биыл егіс алқабында күріш - 1900, бидай - 100, мақсары – 200, жүгері – 10, ескі жоңышқы – 1000, жаңа жоңышқа 600 және бақша дақылдары 20 гектар жерге егілген. Шаруашылықта 106 техника бар. Егіс алқабынан бөлек «Тұрмағамбет» ЖШС макарон бұйымдарын өндіру және сүт өңдеу бағытында жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда ауылдың 240 тұрғынынын жұмыспен қамтып отыр.
Сонымен қатар қуаңшылықтан зардап шеккен Арал өңірінің шаруаларына аудан жастары тарапынан қайырымдылық көмектер ұйымдастырылуда. Атап айтқанда ІІІ Интернационал ауылдық округіндегі «Достық Жер» шаруашылығы 200 және «Тұрмағамбет» ЖШС тарапынан 300 дана пресс шөп қайырымдылық мақсатта көмекті қажет ететін өңірге жіберілді.
Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова су тапшылығына байланысты суды үнемдеп, кестеге сәйкес пайдалануды тапсырды. Сондай-ақ, егінді уақытылы орып, ысырапшылдыққа жол бермеу қажет екенін атап өтті. Егінді ору мезгілінде санитарлық талаптар қатаң сақталу қажет деп ескертті.

18 шілде 2021 ж. 1 072 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 329
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 771

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 92

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930