» » Экстремизм мен терроризм: Жаза қандай?

Экстремизм мен терроризм: Жаза қандай?

174-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау екі мыңнан жеті мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салудан бастап, екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi, он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

255-бап. Терроризм актісін жасау немесе қатерін төндіру, оларды қайта жасау, қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу - алты жылдан он жылға дейiнгi, сегіз жылдан он екi жылға дейiнгi, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.

256-бап. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру - мүлкі тәркіленіп, бес жылдан тоғыз жылға дейiнгi, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

257-бап. Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу - Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

258-бап. Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік - мүлкі тәркіленіп, бес жылдан тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
259-бап. Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру - мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
260-бап. Террористік немесе экстремистік даярлықтан өту - үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

261-бап. Адамды кепiлге алу - үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

273-бап. Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау - бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
01 шілде 2021 ж. 620 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031