» » Әскерден қашудың үкімі қандай?

Әскерден қашудың үкімі қандай?

Жауап: Қазақстан – зайырлы, демократиялық мемлекет. ҚР Конституциясы 36-шы бабының, 1-ші және 2-ші тармақтарына сәйкес «Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады».
ҚР азаматтары осы заңға бағынады. Сарбаз әскерден қашқан жағдайда ол — «қашқын» аталып, ҚР Қылмыстық кодексіндегі 442-бабының төмендегі тармақтарына сәйкес жауапқа тартылады:
1. Қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу – бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қызмет бабымен сенiп тапсырылған қарумен қашу, сол сияқты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қашқындық – үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған іс-әрекеттер – он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер – он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.
Ал енді теократиялық ислам мемлекеттерінде азаматтың әскери борышын өтеуі міндетті және мемлекет оған зәру болса, уәжіпті тәрк еткені үшін күнә болып есептеледі, діннен шықпайды бірақ, жазасын өтейді (айыппұл төлеу, бас бостандығынан айыру және т.б.). Негізінде ислам ғалымдары ұрыс алаңынан қашуды үлкен күнә деген.
 Жалғас САДУАХАСҰЛЫ
03 желтоқсан 2019 ж. 1 744 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930