» » Қазақстандық ет өндірушілер шығынға батуда

Қазақстандық ет өндірушілер шығынға батуда

Қазақстандық ет өндірушілер өнімдерін Қытайға тасымалдай алмағандықтан шығынға батуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тұрып қалған ет
"Қазақстанның ет одағы" қоғамдастығының бас директоры Мақсұт Бақтыбаевтың сөзінше, мәселенің туындауына әлемдік пандемия себеп болған. Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданының бас санитар дәрігері Қытайға Қазақстаннан тасымалданатын етттің кіргізілуіне тыйым салған. Оның бұл шешімін қазақстандық ет комбинаттарының жұмыскерлері толығымен вакцина алады деген кәсіпкерлердің ұсынысы да өзгерте алмаған.  
"Қазір Қытайға ет экспорты сұраныстың бар болуына қарамастан, тоқтап тұр. Біздің тұрақты сатып алушыларымыз "қашан ет әкелесіздер?" деп күнде сұрап, хабарласады. Тіпті, Қытайда жоғары беделге ие қытайлық ұйымдар да жағдайға әсер ете алмай отыр. Отандық ет өндірушілері қарызға белшеден батуда. Біраз келісімшарттарға қол қойылған еді, бұл келісімдердің негізінде алдын ала төлем де жасалған. Бірақ ет тасымалына рұқсат жоқ. Бұл өз кезегінде ет комбинаттарының жұмысының тоқтауына әкеп соғуда", - дейді "Қазақстанның ет одағы" қоғамдастығының бас директоры Мақсұт Бақтыбаев.
28 маусым 2021 ж. 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 897
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 149

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930