» » Қазақстан Қытайға наразылық нотасын жолдады

Қазақстан Қытайға наразылық нотасын жолдады

Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігі Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрлігіне наразылық нотасын жолдады.


Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытай елшісін шақырып, "Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады" атты мақалаға қатысты наразылық білдірді.

"Қазақстан сыртқы істер министрлігінде Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесу өтіп, оның барысында қазақстандық тарап қытайлық www.sohu.com сайтындағы "Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады" атты мақалаға қатысты наразылық білдірді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қытай елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылдың 11 қыркүйегінде мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестік бағытына сәйкес келмейтіндігі жеткізілді.

Тараптар ақпарат тарату және БАҚ саласында тығыз өзара ықпалдасуға келісті.

Сондай-ақ, Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігі ҚХР сыртқы істер министрлігіне тиісті нотаны жолдады.


14 сәуір 2020 ж. 1 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031