» » Қазақстанда студенттік жатақханалар шетелдік елдердегіге қарағанда арзан

Қазақстанда студенттік жатақханалар шетелдік елдердегіге қарағанда арзан

Студенттік жатақханада тұру құнын салыстыра келе орта есеппен 10 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды “Қаржы орталығы” АҚ.

Жыл сайын он мың қазақстандық жастар ірі қалаларға білім алу мақсатында келеді. Университетке түскен соң әрбір студент тұратын жеріне байланысты мәселені шешуге тырысады. Көп жағдайда олар жатақханада тұрақтап қалуды таңдайды. 
Мұндай жағдайда студенттерді жайлы әрі ыңғайлы жатақханалармен қамтамасыз ету мәселесі ерекше өзекті бола түседі.
Жатақханаларда тұру құнын әр өңір және ЖОО өзі бекітеді. Бұған дейін студенттер ай сайын орын үшін шамамен 3000 теңге төлейтін, себебі оқу орындарына студенттердің тұруы үшін олардың стипендиясының 15% -дан астамын алуға тыйым салатын заңнамалық норма болған. Осы норма жойылған сәттен бастап жатақханалардағы орын құны жоғарылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жатақханаларда тұру ақысының мөлшері орта есеппен айына 10 000 теңгеден 30 000 теңгеге дейін жетеді.
Мысалы, Ресейде студенттердің жатақханада тұрғаны үшін орташа төлем 15 000-40 000 теңгені құрайды.
Украинада бір төсек-орынның құны бүгінгі күнде 20 000-40 000 теңгеге жетеді. Батыста, Еуропа елдерінде тұрғылықты орын ретінде "кампустар" танымалдыққа ие, оларды көбі ыңғайлы деп табады. Әрине, сұраныстың өсуіне орай, мұндай кампустарда орналасу құны орта есеппен 100 000-300 000 теңге болады.
28 маусым 2021 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 304

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 401

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930