» » ДДСҰ сарапшысы пандемияны жеңу шартын атады

ДДСҰ сарапшысы пандемияны жеңу шартын атады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшысы қандай жағдайда әлем коронавирус пандемиясын жеңетінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AccessWDUN сайтына сілтеме жасап.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан коронавирустың таралу қаупін планетадағы барлық адамның кемінде 80 пайызы вакцина салдырған жағдайда ғана азайтуға болатынын айтты. Оның сөзінше, СOVID-19 пандемиясы аясында кеңінен вакцинамен қамту өте маңызды.
«Қазір ол не болуы керек екені белгісіз. Бірақ біз вирус жұқтыру қаупін едәуір азайту үшін әлем халқының шамамен 80 пайызын вакциналау керек деп болжап отырмыз», – деді Майкл Райан баспасөз мәслихатында.Сарапшы бұл ереже вирус жұқтырғандар саны аз елдерге де, ауру деңгейі жоғары елдерге де қатысты екенін айтты. Райанның сөзінше, біріншілеріне ашылу қиын болады. Бұл аурудың елден-елге көшуіне байланысты, жаңа ошақ пайда болуы жоққа шығарылмайды.
Бұған дейін ДДҰ басшысы Тедрос Адан Гебреисус СOVID-19 пандемиясын алдағы айларда бақылауға алуға болатынын айтқан еді.

18 маусым 2021 ж. 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 873
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30