» » Ауыл жастарымен басқосу өтті

Ауыл жастарымен басқосу өтті

Қармақшы Жастары Жастар Қоғамдық Бірлестігі мен Жастар Ресурстық Орталығы және Қармақшы Жастар Денсаулық Орталығы мамандарының бірлескен жоспары бойынша 26-мамыр мен 7-маусым аралығындағындағы аудандағы ауылдық округтерде жастар ісі мамандарының атсалысуымен ауыл жастарымен басқосулар өтті.
Кездесуде жастар арасындағы маңызды тақырыптар мен өзекті мәселелер төңірегінде біршама әңгімелер қозғалды. Әлемдік карантин аймағынан шығу мақсатында , үрейге бой алдырмай,өзіне сенімділікті арттырып, "Біздің денсаулығымыз маңызды!" екені ескеріле отырып,ауырмаудың алдын алуда,ерікті түрде екпе алуды жүзеге асыру жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар жастар арасында күйзелісті болдырмай,оған қарсы тұра білу дағдыларын сіңіру," өз көңіл -күйіңді көтеру " тренингтері жасалды. Жақсылыққа құмарлық ,өз ашуыңды жеңіп ,жайлы қарым-қатынас жасаудың алғышарттары ,уақытты пайдалы істерге жұмсау жолдары қарастырылды. Еңбекке құлықсыздықты жою мақсатында Жастарға арналған қоғамдық жұмыстарға тарту шаралары орталықта өз ісін бастап кетті.
Жастар арасында құқықбұзушылық пен әйелдерге зорлық- зомбылық көрсетудің алдын алу ісі бойынша баяндамалар жасалып, қажетті ақпараттар берілді.
Адасудан сақтанудың бірден бір жолы діни сауаттылықта екендігі жөніндегі теолог маманның уағыз-насихаттары тыңдалды.
Әр күнімізді жоспарлай отырып,"Табысты болуға " негізделген баяндамалардың жеткіншектер үшін берер пайдасы мол болды .
Салауатты өмір салтының негізі әрбір жанның қаперінде болғаны жөн.
Өз өміріміздің егесі - ӨЗІМІЗ !
Бақытты сезіне білейік,айналамызға нұр шаша жүрейік.
Қармақшы Жастар денсаулық орталығы психологы 

09 маусым 2021 ж. 676 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 620
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031