Лимон-зімбір джемі барлық микробтарды өлтіретіні рас па?

Бал, зімбір және лимонның пайдалы қасиеттері бар. Бірақ олар вирустық немесе басқа ауруларды толығымен емдей алмайды.

Лимон С дәруменіне бай және суық тигенде болатын ауруларды емдеуде жиі қолданылады. Дегенмен, бүгінгі күні лимонның суық тигенде пайдалы екенін растайтын сенімді ғылыми дәлелдер жоқ.
Кейбір зерттеулерге сәйкес, бал аралар бөліп шығаратын ферменттерге байланысты микробқа қарсы қасиеттерге болады. Бірақ оны жараларды тез емдеу үшін сырттай қолданылған кезде ғана.Бұл өнімдерді араластырып, тұтынған кезде қандай да болмасын ауруларды емдеуге болатыны туралы ғылыми расталған дәлелдер жоқ.Қазақстандықтар емделу үшін дәстүрлі медицина әдістерін бұған дейін де қолданылып келген. Біз онкологиялық ауруларды көкөніс шырынымен және гипертонияны фольгамен емдеу әдістерін жоққа шығарған болатынбыз.