» » Айыппұлдан жалтарғандар кім?

Айыппұлдан жалтарғандар кім?

Қармақшы ауданы көлемінде Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Н.Е.Ермановтың үйлестіруімен Қармақшы аудандық прокуратурасы мен Қызылорда облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы, Қармақшы ауданы бойынша жеке сот орындаушылары және Қармақшы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп «Борышкер» рейдтік іс-шарасы жүргізілді.
Бұл рейдтік іс-шараның негізгі мақсаты - мемлекет пайдасына және алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерден қаржы өндіруге байланысты болған.
Аталған рейдтік шара нәтижесінде 2 автокөлік айып алаңына қамалып, 317 218 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл өндірілді.
Ағымдағы жылы сот орындаушылардың өндірісінде мемлекет пайдасына қаржы өндіру бойынша 48,3 млн. теңге қарыз қалыптасып, аудандық прокуратураның ықпалымен 13,7 млн. теңге мемлекет пайдасына нақты өндірілді.
Сонымен қатар, алимент өндіру бойынша өндірістегі 12 млн. теңге қарызды құрайтын 17 проблемалық борышкерлер түгел жұмыссыз есебіне қойылды.
Проблемалық санаттағы 6 борышкер жұмысқа орналастырылып, 5-не іздеу жарияланса, 1 атқарушылық құжат қысқартылды, 1 атқару өндірісі басқа аумаққа жолданды.
Үстіміздегі жылы алимент төлеуден жалтарған 4 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

Қармақшы аудандық прокуратурасы

20 мамыр 2021 ж. 851 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

№30 (10398)

26 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 685
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031