» » Қазақ жігіттері рекорд жасады

Қазақ жігіттері рекорд жасады

Қазақтың қазіргі Қажұмұқаны атанып жүрген Алмат 280 келі тартатын түйені көтере отырып, 4 тонна 680 келі шығатын үш көлікті сүйреп рекорд орнаттты.
Алматтың айтуынша бұл әдіспен әлемде әлі ешкім рекорд қоймаған. Ол бұл рекордқа бар жоғы бір ай дайындалыпты. Тек түйені көтеру қазір жаңалық емес дейді, сондықтан жаңаша әдіске көшкен.
Айта кетейік, осыдан екі ай бұрын Алмат 108 тонна болатын вагон тартып, рекорд жасаған.
"Қазір түйе көтеріп, үш машинаны тарттым. Бұл менің екінші рекордым. Алда әлі талай рекордтар қоямын. Бұйырса", - деді рекорд орнатушы Алмат Жұманов.
Ал Айдын төс сүйегіне 1 тонна 685 келі көлікті тіркеп 63 метрді оп-оңай жүріп өткен. Ауыр көлікті сүйреудің жаңа әдісімен рекорд орнатқан Айдын Нұржұмаұлы бұрын төс сүйегімен тек ауыр темір тартып қана көріпті. Үздіксіз жаттығу жасай келе, осы қиын әрі қауіпті әдіске көшіпті. Өйткені оның сөзінше төс сүйегі бар жоғы 10-15 келіні ғана көтереді екен.
"Ерекше сезімдеміз. Кітапқа кіріп бүгін қуанып жатырмыз. Еңбектің арқасы бәрі, төккен тердің арқасы", - деді рекорд орнатушы Айдын Нұржұмаұлы.
Қазақтың жігіттері алдағы уақытта тағы рекорд орнатуды көздеп отыр. Алайда әлі де қолдау аз екенін жасырмайды. Егер мүмкіндік болып жатса шет елдерге шығып та өнер көрсетуге дайын екендерін сеніммен айтады.

Stan.kz
02 мамыр 2021 ж. 637 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 618
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 391

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031