» » 18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салынады ма?

18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салынады ма?

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы «Елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинация жүргізу барысы туралы» өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.

Негізі 18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салуға болмайды. Себебі, вакцина жасаушылар балалардың қауіпсіздігіне қатысты толыққанды зерттеу жүргізбеді. Алайда, қазір бірқатар өндіруші бұл бағытта зерттеу жүргізіп жатыр. Тиісті мәліметке қол жеткізгеннен кейін біз оларға талдау жасай отырып, бұл санаттағыларды да вакцинацияға қосуға рұқсат беру жағын қарастыратын боламыз, - деді ол.
Ол сондай-ақ бүгінге дейін қанша полиция, дәрігер және педагогтар екпе салдырғанына тоқталды.
Екпе салу науқаны басталғалы бері дәл осы санаттағы азаматтар вакцина салдыру шарасына алғашқылардың бірі болып қатысты. Біздегі мәліметтерге сәйкес, бүгінде 120 мың медицина қызметкері екпе салдырған. Ал, педагогтар 67 мың болса, күштік құрылым өкілдері арасында 40 мыңдай азамат вакцина салдырған, - деді ол.
Вице-министр бұған дейін сәуірде елдің екі миллион азаматы вакцинацияланатынын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, бірінші сәуірден бастап вакцинациялауға жататын адамдардың санаттары кеңейтілді. 
Кестелерді жергілікті атқарушы органдар жасайды. Бүгінгі күні бірінші компонентпен 435 393, екінші компонентпен – 107 121 азамат егілді.

 baq.kz
15 сәуір 2021 ж. 679 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 016
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 690

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031