» » Ауданда азаматтарды көктемгі әскер қатарына шақыру басталды

Ауданда азаматтарды көктемгі әскер қатарына шақыру басталды

Еліміз бойынша көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Отан қорғауға аттанатын бозбалалар алдымен медициналық тексеруден өтіп, денсаулығының жарамдылығы туралы сыннан өткеннен кейін әскери бөлімдерге жөнелтіледі.

Аудан әкімдігінің сала мамандары кентте көктемгі әскерге шақырылушылардың отбасын аралап, ата-аналар мен жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда көптеген жастар әскер десе ат тонын ала қашатын дәрежеге жеткен. Осы ретте, жауапты саланның мамандары үйлерді аралап, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.


Бүгінгі күні әскерге шақырылушылардың моральдық-іскерлік, физикалық денсаулық деңгейін, жанұялық жағдайы, жалпы білімінің деңгейі мен арнаулы мамандық бойынша дайындығын зерттеу жұмыстарына да басымдық беріледі. Жоғарыда аталған осы ерекшеліктер болашақ жауынгердің әскери қызметке шақырылатын бөлімдерге өз деңгейіне сай баруына үлкен әсерін тигізеді. Демек, жыл сайын жас жауынгерлерді іріктеу жұмысының сапасына ерекше бақылау жетілдіріле түсуде. Бұл шаралар әрбір әскерге шақыру маусымдарында да назардан тыс қалмайды.

Айта кетерлігі, әскери қызметке шақыруға жататын азаматтардың медициналық тексеруден өту кезеңінде жұмыс орны мен орташа жалақысы, ал мерзімді әскери қызмет ету кезеңінде жұмыс орны сақталады.

Ескерте кетейік, әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде себепсіз келмеуiне айыппұл салынады.
"Қт" ақпарат

21 наурыз 2021 ж. 394 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 230

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 335

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930