» » 62 000 тонна қалдық залалсыздандырылды

62 000 тонна қалдық залалсыздандырылды



Аймақта өткен жылы 62 000 тонна қалдық залалсыздандырылды. Оның ішінде, 41 000 тонна өндірістік, 21 000 тонна тұрмыстық қатты қалдық. Қазіргі таңда , геологиялық барлау және құрылыс нысандарының артуынан өндірістік қалдықтың көлемі көбеюде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұржан Өмірсерікұлы.
Облыста 145 полигонға жер учаскесі белгіленген. Оның 7-і ғана экологиялық талапқа сай.
- Өткен жылы 96 экологиялық заңнама талаптарын бұзу фактісі анықталып, кемшіліктерді жою үшін тиісті жұмыстар жасалды. Мұнан өзге, 35 әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс қозғалып айыппұл салынды. Сонымен қатар, облыста қалдықтарды сұрыптайтын 3 кәсіпорын бар. Атап айтқанда, Белкөл кентінде орналасқан «Ибрайхан и К ЛТД» ЖШС-нің полигонындағы жинақталған шыны, автошина, пластик, мата, құрылыс тамақ қалдықтары сұрыпталуда. «Smart Rubber» ЖШС автокөліктердің жарамсыз шиналарын қайта өндеп, тамшылатып суаруға арналған түтіктерін өндіруде. «Эко-Н Сервис» ЖШС істен шыққан жарамсыз құрамында сынабы бар шамдарды залалсыздандыруда. Бұған қоса, 136 заңсыз қалдық орны анықталып, оның 131 жойылды,-деді Нұржан Өмірсерікұлы.
Айта кетейік, 2020 жылдан бастап тамақ және құрылыс материалдары қалдықтарын полигондарға көмуге тыйым салынған.
20 ақпан 2021 ж. 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 246
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031