» » Көшеде адам ағзаларын өртеген жекеменшік компанияға айыппұл салынды

Көшеде адам ағзаларын өртеген жекеменшік компанияға айыппұл салынды

Шымкентте көшеде медициналық қалдықтар мен адам ағзаларын өртеген компанияға айыппұл салынды. Бұл туралы экология, геология және табиғат ресурстары министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ыбыраева Facebook желісінде мәлімдеді, деп хабарлайдыStan.kz ақпарат агенттігі. 
Шымкентте экология департаменті «Эколайф Астана» ЖШС-ның рұқсат етілмеген жерде медициналық қалдықтарды өртеуіне қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізді.
«Тексеріс нәтижесі бойынша, «Эколайф Астана» ЖШС ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 328 (Экологиялық рұқсатта белгiленген, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауы) және 332-баптары (Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттiтүрде жүргізу туралы заңнама талаптарын орындамау) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», - дейді министрліктің баспасөз хатшысы.
Экология департаменті Түркістан облыстық және Шымкенттің денсаулық сақтау басқармаларына «Эколайф Астана» ЖШС-ның мемлекеттің келісімшарт талаптарын орындамауы туралы хат жолдады. Сонымен қатар Сарыағаш ауданы мен Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік келісімшарттың тоқтатылуы туралы хабарлама жіберілді.
Еске сала кетсек, Шымкентте жекеменшік компания адамдардың мүшелері мен медициналық қалдықтарды тура көшеде өртеген еді. Ереже бұзушылар қалдықтардан өзен жағасында тұрып арылғалы жатқан жерінен ұсталған. «Эколайф» компаниясы бұл жұмыспен көп жылдан бері айналысып келеді. Әрдайым жазадан айыппұл төлеу арқылы құтылып кетіп отырған.


28 тамыз 2019 ж. 1 255 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930