» » Аудан әкімі нысандарды аралады

Аудан әкімі нысандарды аралады

Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбеков Жосалы кентінде орналасқан бірқатар нысандарды аралады.

Алдымен Т. Ізтілеуов көшесі бойындағы «Гүлбану» тігін шеберханасының жұмысымен танысудан бастады. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкер тігін шеберханасында 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Тұрғындарға тапсырыс бойынша киім-кешек тігеді. Перделер, күнделікті тұрмысқа қажетті киім-кешек үлгілерін, қазақтың дәстүрлі киімдерін т.б. киім үлгілерін тігумен айналысады. Жеке кәсіпкердің айтуынша тағы да 3 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіншілігі бар. Кездесуде жеке кәсіпкер кәсіби мамандардың жеткіліксіздігін атап айтып өтті.

Мұнан кейінгі нысан Жосалы кентінде орналасқан төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт сөндіру мекемесі болды.
Аудан әкімі Мұса Оспанұлы мекеменің материалдық – техникалық базасымен танысып, басшылық құрамымен кездесті. Жаңа техникалармен жабдықталуы, басқа да қазіргі таңдағы қажетті мәселелер туралы пікірлесіп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Аудан басшысы мұнан кейін «Жастар ресурстық орталығында» болып, жастардың көшбасшыларымен кездесті. Атқарылып жатырған жұмыс барысын көрді. Жастардың қоғамдағы белсенділігі мен олардың орны әрқашанда ерекше. Сондықтан да жастар өкілдерімен пікірлесіп, олардың ұсыныстары әрдайымда назарда болатынын жеткізді. Аудан әкімі жастар өкілдеріне бірнеше бағытта жұмыстарды жүйелеу туралы ұсыныстар білдіріп, алдағы жұмыс барысында тиісті басшылардың назарында болуын жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 қаңтар 2021 ж. 817 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930