» » "Бейнесін өзгерту - харам болып есептелінеді": Елде пластикалық ота қалыпты жағдайға айналды

"Бейнесін өзгерту - харам болып есептелінеді": Елде пластикалық ота қалыпты жағдайға айналды

Бүгінде қолаң шаш, қиғаш қас, қыпша бел қыздарға арман емес.  Мамандардың сөзінше пластикалық ота жасатып, пышаққа түсетіндер саны күн санап артуда. Табиғи болмысын ұнатпай, тәнін өзгерткен кімдер? Ал, бұл жайлы дінде не делінген? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.
 
ботокс

Мамандардың сөзіне сүйенсек, пластикалық ота жасататын нәзік жандардың жасы әркелкі. Бірі 18-дегі бойжеткен болса, өзгесі 60 жасында да осында
йқызметке жүгінеді екен. Ал, күніне 2-3 күрделі операция жасалады.
"Блефорапластикаға еуропалық типті жасауға жас қыздар келеді, 18 жастан басталады. Арасында болады бәрі жақсы болып тұрады. Көзі де жақсы, кеудесі де жақсы бірақ жасаймын дейді. Бәрі жақсы болып тұрса да, өзіне ұнамайды или бір жұлдызға немесе актерға ұқсағысы
келеді", - дейді пластикалық хирург Гүлжан Шәмшиева. 
Табиғи сұлулығын місе тұтпай өзгеге ұқсағысы келетіндер немесе одан да көрікті болу үшін бет - әлпетін өзгертетіндер бар. Психолог Марал Сарбазқызының айтуынша өз-өзін қабылдай
алмайтын, өзгеге еліктейтін адамдар ғана осындай қадамға баратын көрінеді.
"Ең бірінші өзіңді қабылдамау. Ол сыртқы бейне тікелей ішкі бейнемен байланысты. Ішкі жан дүниеңде баланс болмағанда, тепе-теңдік болмағанда... Көбінесе айтып жатады ернім ұнамайды, бетім ұнамайды деп жатады,  ол өзін қабылдамау", - дейді психолог Марал Сарбазқызы.   
Ал, әнші, актриса, жас блогер Розалина Мырзабекова пластикалық ота жасатқанын жасырмайды.
Ерінімді үлкейткеннен кейін өзімді одан да қатты жақсы көріп кеттім дейді ол.
"Ерінімді өзгертер кезде бәрі достарым, туыстарым қайтесің өзгертіп, осылай жүре берсеңші деді. Бірақ, мен ешкімді тыңдамадым. Бұрынғы ернім маған ұнады, тек мен оны жақсы қылуға тырыстым. Менің ойымша, жақсы результат шықты деп ойлаймын", - дейді әнші, актриса, жас блогер Розалина Мырзабекова.
Көрікті болып көріну жолында қыздарымыз неге бармайды дейсіз ғой. Жапсырма кірпік, ұзын тырнақ, терілген қас, дүрдиген ерін мен келбетті пішім жасатады. Ал, шариғат бұған қалай қарайды?
"Бетінде немесе мұрнында бір ақау болатын болса, соны түзетуге ота жасатуға шариғат рұқсат етеді. Ал енді бір ешқандай себепсіз, қажетсіз ота жасату, бейнесін өзгерту - бұл харам болып есептелінеді", - дейді ҚМДБ өкілі Хасан Аманқұлов. 
Жас журналист Жаңабике Қабылда бала кезінен бұрымын өсіріп келеді. Осы уақытқа дейін бір қатты боянып көрмеппін, табиғи болмысым өзіме ұнайды дейді ол.
"Қазақ қызы онсы зда ешбір бояусыз да әдемі. Кез келген адам өзінше сұлу. Бояуға келетін болсақ, кейде эфирлерге шыққан кезде немесе бір сұхбат берген кезде сәл болса да бояу жағу керек болады. Бірақ, дегенмен де күнделікті өмірде қалыпты еш бояусыз түрде жүре беремін. Яғни, табиғи сұлулықпен", - дейді Жаңабике Қабылда.
18 қаңтар 2021 ж. 307 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 030

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031