» » Қызылордада коронавирус жұқтырғандардың дені – орта жастағы адамдар

Қызылордада коронавирус жұқтырғандардың дені – орта жастағы адамдар

Облыс бойынша тіркелген деректердің басым бөлігі, яғни 61,6%-і (2145) Қызылорда қаласының үлесінде. 

Коронавирустық инфекция бойынша барлық тіркелген жағдайдың 2,4%-і сырттан тасымалданған. 57,7%-і скринингтік тексеру нәтижесінде анықталған болса, 39,9%-і қарым-қатынас арқылы жұқтырылған жағдайлар болып есепке алынды. 
Коронавирус инфекциясы айлық нәрестеден бастап 99 жас аралығындағы азаматтар арасында анықталған. Оның ішінде жоғарғы көрсеткіш 20 жастан 69 жас аралығындағы адамдарда тіркелген. Дегенмен де 70-79 жас шамасындағы азаматтар арасында да белсенділік байқалады.
Қызылорда облысы бойынша бүгін 2 176 ошақ анықталып, барлығына қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, індетке қарсы профилактикалық шаралар ұйымдастырылған. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы жергілікті емдеу-сауықтыру мекемелерімен 14 күнге медициналық бақылауға алынды.
17 қаңтар 2021 ж. 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 771
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 131

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 489

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930