» » Түйіткілді мәселелер талқыланды

Түйіткілді мәселелер талқыланды

          Жуырда ауданы әкімі Мұса Қалдарбековтың төрағалығымен азаматтардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жайында жиын өтті. 
          Жиын барысында аудан әкімі жұқпалы аурулар мен өлім-жітім деңгейін төмендету, азаматтардың саналы түрде өз денсаулығы үшін жауапкершілігін ұғынуы мен саламатты өмір салтын қалыптастыру туралы атқарылған жұмыстарды саралады.
          – «Бірінші байлық – денсаулық» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Ауырсақ жанымызды емдейтін денсаулық сақтау мамандары да азаматтарға сапалы қызмет көрсету керек екенін ұмытпаған жөн. Халық денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың басты бағыты, – деді аудан басшысы.
          Сонымен қатар, күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Нысанбаев, Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г. Төлепбергеновалар хабарлама жасады.
          Алғашқы болып мінберге аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Нысанбаев шығып, аудан көлемінде туберкулез ауруын анықтау, алдын-алу және емдеу бойынша атқарылған жұмыстарға кеңірек тоқталды.
          – Ауылдық елді мекендердегі бірқатар медициналық пункт, дәрігерлік амбулатория ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. Жедел жәрдем көліктері де жаңаланып, соңғы медициналық жабдықтармен қамтылу қолға алғанын айта кету керек. Мұның барлығы ел игілігіне арналған істер, – деді бас дәрігер.
          Екінші мәселе бойынша аудандық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Төлепбергенова Сovid-19 инфекциясына қарсы күрес жұмыстарымен профилактикалық, дезинфекциялық шаралардың жүргізілуіне тоқталып өтті.
– Науқастардың жұқпалы ауру ошағын анықтау мақсатында эпидемиологиялық тексеру картасы арналды. Сонымен қатар Байқоңыр қаласына шет мемлекеттерден келетін адамдар көп. Сол себептен коронавирус індетінің алдын алу жұмыстарын күшейту керек және елді мекендерге қатынайтын такси жүргізушілерін, әсіресе Төретам – Ақай елді мекендеріне қатынайтын такси жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, керек жағдайда тест сынамаларын алу қажет, – деді басқарма басшысы.
          Жиын соңында аудан әкімі Мұса Оспанұлы жауапты сала мамандарына сауалдарын қойып, тиісті басшыларға тапсырмаларды жүктеді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
20 қараша 2020 ж. 391 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 094

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031