» » Қазақстан жаһандық өркендеу рейтингінде 62-орынға ие болды

Қазақстан жаһандық өркендеу рейтингінде 62-орынға ие болды

Ұлыбританияның Legatum Institute коммерциялық емес ұйымының өркендеу бойынша рейтингінде Қазақстан 62-орынға ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан

Рейтингте 167 ел бар. Институттың мәліметінше, соңғы 10 жылда Қазақстан рейтингте 18 позицияға көтерілді.
Мамандар рейтингті экономиканың, бизнес-ортаның, білім берудің, денсаулық сақтаудың даму деңгейін, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиімділігін, азаматтардың қауіпсіздігі мен жеке бас бостандығының дәрежесін, қоғамдағы әлеуметтік байланыстардың сапасын және қоршаған ортаны дамытуды қоса алғанда, көптеген критерийлерді ескере отырып жасайды.
Зерттеушілердің мәліметтері бойынша, Қазақстан әлеуметтік капитал мен білім беру саласында үлкен табыстарға ие. Ең нашар көрсеткіштер - жеке бас бостандығы. Сарапшыладың бағалауынша, он жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда ең үлкен нәтиже әлеуметтік капитал саласында байқалған.
Рейтингтің алғашқы ондығына Дания, Норвегия, Швейцария, Швеция, Финляндия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Германия және Люксембург кірді. Кестенің соңында Оңтүстік Судан, Орталық Африка Республикасы, Йемен, Чад, Сомали, Ауғанстан, Конго, Эритрея, Судан, Сирия сияқты елдер болды.
18 қараша 2020 ж. 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 77

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031