» » Қазақстанда ерлерге қарағанда әйелдер бақытты

Қазақстанда ерлерге қарағанда әйелдер бақытты

Бақыттылық деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингісінде Қазақстан 153 мемлекеттің ішінде 50-орынға көтерілді, – деп хабарлайды BAQ.KZ

Ал Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірінші орынға шыққан.

Еліміздің ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті жыл сайын "Халықтың өмір сапасы" тақырыбында халық арасында сауалнама өткізеді. Сол жүргізілген зерттеуге сәйкес, респонденттердің 63,5% өз өміріне қанағаттанады екен. Оның ішінде ауыл тұрғындары (72,6%) қалада тұратын (58,4%) қазақстандықтарға қарағанда өз өмірлеріне анағұрлым риза. Онымен бір мезгілде, сұрақтарға жауап бергендер арасында тағдырына қанағат еткен ер адамдар (61,8%) әйелдерге қарағанда (58,5%) көп болып шықты.

Қазақстан World Happiness Report сайтының мәліметіне сәйкес, былтыр 60-орында болған. Биылғы жылы 10 сатыға көтеріліп отыр. Еуразиялық одақтың ішінде Қазақстан бірінші орында келеді. Рейтингте Ресей – 73 орында, Қырғызстан - 74-ші орында, Беларусь - 75-ші орында, ал Армения 116-орында тұр.

Бақыттылық деңгейі бойынша әлемдік рейтинг – бұл әлем елдері халқының бақытты болу көрсеткішін анықтайтын халықаралық зерттеу жобасы.Рейтингті әзірлеу кезінде бірнеше көрсеткіш есепке алынады. Олар: жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің деңгейі, өмірдің ұзақтығы, азаматтық бостандықтың болуы, ертеңгі күнге деген сенім мен қауіпсіздік сезімі, отбасының тұрақтылығы, жұмыспен қамту кепілдігі, жемқорлық деңгейі, сондай-ақ, сенім, қайырымдылық пен жомарттық сияқты көрсеткіштер. 

Ал әлемдік рейтингтің басында Финляндия мемлекеті тұр. Үздік  ондықтың қатарында -Дания, Швейцария, Исландия, Норвегия, Нидерланды, Швеция, Жаңа Зеландия, Австрия және Люксембург бар.

Ал ең соңғы орында - Зимбабве, Оңтүстік Судан мен Ауғанстан.
17 тамыз 2020 ж. 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031