» » Әлемдегі ең бақытты ел анықталды

Әлемдегі ең бақытты ел анықталды



Әлемдік бақыт туралы есепке (World Happiness Report 2019) 156 ел қатысты. Бақытты адамдар қатары бойынша үшінші орында Норвегия, ал екінші орында Дания тұр.
Биыл былтырғы сияқты бірінші орынды Финляндия алды. Бұл елді дамыған қоғамдық қолдауы (бұл көрсеткіш бойынша 2-ші орын), өмірлік маңызды шешімдер қабылдаудағы жоғары еркіндік деңгейі (5) және жемқорлықтың төмен деңгейі (4) бақытты етіп отыр.
Ұлыбритания, АҚШ және Канаданың тәуелсіз ғалымдарының міндеті планетаның әр бұрышындағы адамдардың өмірін олардың бақыт туралы жеке ұғымымен бағалауын анықтау болатын. Есепте тек өмірлік құндылықтар ғана емес, сонымен қатар, жағымды әрі жағымсыз сезімдер де қарастырылды. Есеп бойынша мынадай тенденция анықталды: ел жұрттың көбеюіне қарамастан әлемде бақытты адамдар саны азаюда. Сол секілді ғалымдар уайым-қайға және ашу сияқты жағымсыз сезімдердің өсуін байқаған. Бұрын мұндай сезімдер жиі Азия мен Африкада байқалса, қазір басқа да аймақтардан оның көбеюі көрінген.
Бақыт деңгейі төмен елдер төмен өмір ұзақтығымен, экономикалық, саяси және әлеуметтік күйзелістің бар болуымен ерекшеленеді. Йемен, Үндістан, Сирия, Ботсван және Венесуэлде ең төмен бақыт деңгейі байқалған.
Бақытты елдер тізімінде Ресей 68-ші, Қазақстан 60-шы орында тұр.
Ғалымдар мынадай қорытындыға келді: Әлем жылдам өзгеруде, қазір біз жаңа дәуірге ауысатын кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Ал ол адамдарда сенімсіздік сезімінің және қарбалыстың артуына әкеледі. Сондықтан мемлекет басшылары осы мәселеге аса мән беру керек.

12 мамыр 2019 ж. 1 049 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 159

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930