» Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде екі саты жоғарылады

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде екі саты жоғарылады


Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде екі саты жоғарылады
Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңарған рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы 2 саты жоғарылап, 117-орыннан көрінді.
Станимир Стойлов жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы сәуір айында ойын өткізген жоқ. Тек анығы 5 маусым күні Әзербайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізетіні белгілі болды. Бұл ойын Астанада болады. Бір күн алдын қос елдің жастар құрамасы да жолдастық кездесуде жолығады.
Әзербайжан құрамасы жаңарған рейтингте 126-орнын сақтап қалған. Осы айдағы рейтингте үздік нәтижені Кувейт құрамасы көрсетті. Олар 16 саты жоғарылап, 160-орынға табан тіреген. Ең төменгі нәтижені Палестина құрамасы көрсеткен. Олар 13 саты төмендеп, 96-орынға төмен сырғыды.
Жаңарған рейтингтің алғашқы ондығында ешқандай өзгерістер болмаған. Германия құрамасы көш бастаса, екінші орында Бразилия тұр. Үздік үштікті Бельгия құрамасы түйіндеуде.
Ақпарат көзі: vesti.kz

---
19 мамыр 2018 ж. 1 595 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 864
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 120

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930