» » Жемқорлықпен күресте қарекет керек

Жемқорлықпен күресте қарекет керек


Сыбайлас жемқорлық десек, түрпідей жиырылатын күйге жеттік. Неге? Себебі, аттап басқан сайын пара алғандарды кезіктіретін күйге жеттік. Бұл қоғамның дертімен күрес тоқтаған емес. Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы мемлекеттігімізді нығайту жолындағы ең басты мәселелерге назар аударып, қоғам мен мемлекетімізде стратегиялық бағыттар бойынша қандай өзгертулер жасау керек екенін айқындаған болатын. Ел дамуына нұқсан келтіретін мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Осы мәселенің өзектілігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері 2020 жылғы 19 тамызда өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте де айтылған болатын.
Азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз деп айрықша атап өтті.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жүйелілігін алға тартып, жемқорлыққа апаратын себептерді анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың нормативтік актілері мен жұмыс үдерістеріне жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан арнайы талдау жүргізу белгіленді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп халық даналығы айтқандай сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы болып қала бермек.


Қармақшы аудандық қазынашылық
басқармасы басшысының орынбасары Г.Өмірзақова
23 қазан 2020 ж. 660 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 159
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 801

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031