» » Қарттарға құрмет көрсетілді

Қарттарға құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қаламыздағы қарт кісілерге құрмет көрсетілді. Қызылорда қаласы әкімдігінің арнайы сый-құрмет топтамалары 180 ардагерге тарту етіліп, үлкенге құрмет көрсетудің маңыздылығы насихатталды. Қала бойынша қазіргі таңда 30 мыңға жуық зейнеткерлер бар. Олардың ішінде: Ұлы Отан соғысының ардагерлері-5; Ұлы Отан соғысында қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО медалымен, ордендерімен наградталған тыл ардагерлері-12, ҰОС жылдарында кемінде 6 ай жұмыс істеген 1379 тыл ардагерлері тіркелген.
Ардагерлерге республикалық бюджет есебінен мемлекеттік зейнетақылары ай сайын уақытылы төленуде.
Сонымен қатар ағымдағы жылы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына орай жергілікті бюджет есебінен ҰОС ардагерлеріне 1 млн теңге бір жолғы көмек көрсетілді. Ал, 12 тыл ардагеріне 183 мың 340 теңгеден, оларға теңестірілген 1379 ардагерге 100 мың теңгеден бір жолғы көмек берілді.
02 қазан 2020 ж. 722 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930