» » Қызылордалық еріктілер компьютер үлестіріп жатыр

Қызылордалық еріктілер компьютер үлестіріп жатыр

Қызылорда да қашықтықтан оқуға қажетті техникасы жоқ оқушыларға, бүгін тегін компьютерлер таратылды. Ерікті жастар құрастырған құрылғылар 30 балаға қуаныш сыйлады. Бір ай бұрын жергілікті жастар игі бастамаға ұйытқы болған еді. Істен шыққан компьтерлерді тұрғындардан жинап, оңдап, мұқтаждарға жеткізіп берді. Сегіз жастағы Азамат туғаннан бері церебральды сал ауруымен ауырады. Денсаулығына байланысты сабақты үйден оқиды. Бірақ онлайн оқу ол үшін де оңай болмай тұр. Өйткені қажетті техникасы жоқ. Осыны ескерген еріктілер, өздері құрастырған компьютерді әкеп берді. Жаңа емес демесеңіз, ғаламтордан білім алуға жарап тұр.    
 
Азамат НӘКІБАЕВ: Мен екінші класс оқимын. Маған компьютер әкелгеніңізге рахмет. Мен енді соткамен емес, компьютермен оқимын. Оқушыға қажетті дәл осындай техника бүгін отыздан аса мұқтаж жандарға жеткізілді. Ауылдарды айтпағанда, Қызылорда қаласының өзінде электронды құрылғыға қол жеткізе алмай отырған оқушы көп. Үйдегі жалғыз телефонға күні қарап отырғандарға көмек көрсетуді еріктілер қолға алған еді. Олар тамыз айында бастама көтеріп, істен шыққан, жарамсыз техникаларды тұрғындардан жинады. Кем-кетігін жөндеп, іске жаратты.  
Алмат ҚУАНЫШБАЕВ, ЕРІКТІ:   Бұл акция тоқтамайды деген ойдамыз. Жылдың аяғына дейін созылады. Қазір ноутбугтер келіп жатыр.  Сол ноутбугтерді ремонттау үстіндеміз. Оларды да ертең біз жаймендеп табыстаймыз.   Еріктілердің үндеуіне қолдау білдірген қызылордалықтар көп болды. Бір айдың көлемінде жүзден аса адам ескі техникаларын тапсырған. Тегін таратылған бұл компьютерлер тегін жөнделеді.
Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:   Құрылғыдан қандайда бір ақау шықса, айти мамандар жауапкершілікті өз мойындарына алып отыр. Оған қоса, техникаларын істен шыққан барлық оқушыларға ақысыз қызмет көрсетпек.

М.Тоқтасынқызы
20 қыркүйек 2020 ж. 597 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 319
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 189

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031