» » Бас санитар дәрігер карантин туралы қаулыға өзгеріс енгізді

Бас санитар дәрігер карантин туралы қаулыға өзгеріс енгізді


Елордада қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты түнгі 24.00-ге дейін ұзартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Дәмхана, мейрамхана, барлар мен асханаларда ғимараттың ішінде және жазғы алаңда орын саны 30-дан аспауы тиіс.
Үстелдер арасында кемінде екі метр ара қашықтық сақталуы қажет. Бір үстелде 4-6 адамнан артық отыруға болмайды.
"Жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 24.00-ге дейін белгіленіп ұйымдастырылсын", - делінген құжатта.
Ал тұрғын үй ғимаратында орналасқан тамақтану орындары жұмыс және демалыс күндері 9.00-ден 22.00-ге дейін істейді.
Ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық шараларды өткізуге сол күйі тыйым салынады.
Адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметі, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, туроператорлары бар бизнес орталықтарға жұмыс күндері ғана емес, демалыста да 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.
Сонымен қатар, "Хан Шатыр" сауда орталығындағы жағажай клубында бассейннің жұмысы жанданды. Су аттракциондары іске қосылған жоқ.


13 қыркүйек 2020 ж. 794 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930