» » ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МАҚСАТ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МАҚСАТ


Қармақшы ауданы әкімдігінде құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті.
Жиынды аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы жүргізіп, комиссияның күн тәртібінің жоспарына сәйкес үш мәселе қаралды.
Комиссия отырысында аудан басшысы құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру және мал ұрлығының алдын алу мен ұрлық қылмыстарын ашу бағытында мүдделі органдармен атқарылып жатқан шаралар барысы тыңдалатындығын жеткізді.
Алғаш болып хабарлама жасаған аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Ақтаев Бағдат Әбдімұратұлы аудан көлемінде мал ұрлығының алдын алу, оны болдырмау бағытында атқарылып жатқан шаралары туралы толық мәлімет беріп өтті.
Есепті мерзімде ауданда 16 мал ұрлығы орын алып, оның 7-і ашылған. Осы ретте аудан басшысы Мұса Оспанұлы мал ұрлығы қылмыстарының ашылу көрсеткішінің төмендігі туралы және ұрлық қылмыстарын ашу, криминалды полиция қызметкерлерінің жүйелі қызмет жасауын қамтамасыз етуді сала басшысына тапсырды. Осы орайда аудан прокурорының орынбасары да өзін толғандырған сұрақтарды жолдап, жұмысты жүйелі атқару бағытында ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен бірге күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Ахметов Данияр Ертайұлының хабарламасы тыңдалды. Өз кезегінде ауыл әкімі ауылдық округте атқарылған құқық бұзушылық пен профилактикалық шаралар жайлы баяндап өтті.
Хабарлама негізінде аудан басшысы кенттегі және елді мекендерде пада жұмыстарына қатаң бақылау орнатып, малды ұйымдастырылған тәртіпте бағудың тиімділігін қарастыруды тиісті сала басшыларына тапсырды.
Комиссияның күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ақжігітов Ғалымжан Амангелдіұлының баяндамасы тыңдалды. Аудан бойынша пробация есебінде тұрған 41 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Ақылы қоғамдық жұмысқа 5 азамат жіберілген. 21 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. 3 азамат өз кәсібін ашу үшін «Бастау -Бизнес» оқу курстарында білімдерін жетілдіріп, 555,6 мың теңге көлемінде грант алған.
Мәжіліс барысында аудан әкімі Мұса Оспанұлы сала басшысына полиция қызметкерлерімен бірлесіп тиісті санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында бірлесе қызмет атқаруды жүктеді.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі тұрғындардың әрбіріне қатысты, маңызды мәселелер талқыланғанын айтып, қылмысты болдырмау бір құқық қорғау органдары ғана емес барлығымыз қоғам болып бірлесе жұмыс атқару қажеттігін жеткізді.
Бұдан бөлек, қоғамдық орындарда әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы алдын алу жұмыстарын жандандыруды жүктеді.
Сондай-ақ, ол жиын барысында айтылған кемшіліктер мен сын-ескертпелерді хаттамаға енгізіп, оң нәтижелі жұмыстарды атқаруды тапсырды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

07 қыркүйек 2020 ж. 832 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031