Алексей Цой: 22-23 тамызда Қазақстан қатаң карантин режиміне қайта оралады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның қатаң карантиннен қалай шығатыны туралы айтып, демалыс күндері қандай қатаң ережелер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.
Цой «пандемия аяқталды» деді және біз біртіндеп қалыпты өмірге оралатынымызды айтты.
«Азаматтарға бетперде кию және әлеуметтік қашықтықты сақтау міндетті. Біз бұқаралық, мерекелік және еске алу іс-шараларын өткізуден бас тартуға мәжбүрміз. Бұл қауіпсіздік үшін қажетті шаралар. Карантин біткеннен кейін алғашқы қателікті қайталаудың қажеті жоқ. Барынша сақ болғанымыз жөн», – деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Министр мемлекеттік комиссия осы уақытқа дейінгі шектеулерді тек жұмыс күндері жеңілдету туралы шешім қабылдағанын еске салды.
«Келесі демалыс күндері ел тағы екі күнге карантинге оралады. 22 және 23 тамызда 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылады, қоғамдық көліктер тоқтайды, ал бизнес қайтадан жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады. Ерекшелік тек азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға ғана қатысты» – деп түсіндірді Алексей Цой.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы азаматтардан қабылданған шараларды түсіністікпен қарауды сұрады.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі жүктеменің негізгі көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты және карантиндік шараларды күшейту немесе жеңілдету критерийіне қол жеткізгенімізді ескере отырып, мемлекеттік комиссияның отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы ұсынысы қаралды.