» » Кейбір өңірлерде қоғамдық орындардың жұмысы тоқтатылады – министрлік

Кейбір өңірлерде қоғамдық орындардың жұмысы тоқтатылады – министрлік

Өңірлердің 50 мыңнан астам халқы бар елді мекендерінде қоғамдық орындардың жұмысы тоқталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«КВИ сырқаттанушылығының өсуін ескере отырып, кеше, 18 маусымдағы ВАК шешімімен Нұр-Сұлтан және Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалаларында алдағы демалыс күндері карантинді күшейтудің қосымша шаралары қабылданды. Атап айтқанда 20-21 маусымда: сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың қызметі тоқтатылады; қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада көше форматында ғана рұқсат етіледі; қоғамдық көліктің жұмысы шектеледі; фитнес орталықтарының қызметі тоқтатылады; 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі», - деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, жоғарыда аталған қалаларға жақын орналасқан туристік аймақтарға кіру жабылады.
Сондай-ақ, өңірлердің 50 мыңнан астам халқы бар елді мекендерінде: қоғамдық орындардың жұмысы тоқталады; туристік аймақтарда тұратын адамдарға әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады; 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі«, - деді Ләззат Ақтаева.



19 маусым 2020 ж. 644 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 831
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 553

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930