» » Жұбайыңа жағам десең...

Жұбайыңа жағам десең...

Жұбайыңа жағам десең...
Кез келген адам өз айналасындағы жандармен жақсы қарым-қатынаста болғысы  келеді.  Ал өз үйіңдегі басшыңның көңілінен әрдайым шығу мүмкін емес.  Дегенмен әйелдер күйеуінің көңілін табу үшін барын салатыны жасырын емес. Бұл тұста ол тарапынан артық сөз естіп жатсаңыз немесе сізге көңілі толмай жүрсе, демек сізден бір қателік кеткені.  Қателік жіберу оңай, ал оны түзеудің салмағы тек сізге байланысты. Ендеше ерлер қауымы ұнататын, бағалайтын жайттарын ескере жүріңіз.
1. Бәрін өз уақытында дайындаңыз. Күйеуіңіздің таңғы асы мен кешкі асына мұқият қараңыз.  Ол сізді күтіп тұрмайды және көп күткенді ұнатпайды.  Сонымен қатар жұмысқа киетін киімін бір күн бұрын дайындап қойғаныңыз абзал. Ал ертеңгі киетін киімін өзіңіз таңдамай, күйеуіңізден бір ауыз өз қалауын сұраңыз.
2. Қас-қабағыңызға абай болыңыз. Жарыңыз сізден ең әуелі жылы қабақты күтеді. Жұмысына күліп шығарып салып, жадырап қарсы алыңыз.  Сіздің жылы жымиысыңыз бен жылы сөзіңіз жиі болған сайын, сіз оған ұнай түсесіз. Ал әйел затының еріне деген жылулығын, қамқорлығын қас-қабағынан байқауға болады.
3. Көп сөзділікті азайтыңыз. Жұмыстан шаршап келген жұбайыңызға өз әңгімеңізбен бас салмаңыз.  Көп сөйлеуді ерлер ұната бермейтіндіктен, әңгіме айтқыңыз келсе құрбыңызға хабарласыңыз немесе күнделік арнаңыз. Сонымен қатар құрбыңыздың айтқан сырын, ақпаратын күйеуіңізге ашып айтудан аулақ болыңыз.
4. Рухани бай болыңыз.  Сіздің сауатты, білімді болғаныңыз, күйеуіңізді сүйсіндіреді. Сол себепті заман көшінен қалмай, өз-өзіңізді жан-жақты дамытып отырыңыз.  Ішкі жан дүниеңіздің сұлулығы отбасылық өмірдің бақытына жол ашпақ.
5. Өзіңізді әркез күтіп жүріңіз. Жай ғана қолданып жүрген иіссу мен далабыңызға байыптылықпен қараңыз. Әдемі болып жүргеніңіз және күтіміңізге бөлген көңіліңіз ол кісінің көңілінен шығары сөзсіз.
6. Тазалықты сүйіңіз. Кез келген ер адам жұмыстан келгенде үйінің таза, жылы, жинақы болғанын көргісі келеді. Тіпті олар осыдан аздап шаршауын да басады. Сол себепті үй тазалығы мен өзіңіздің бой тазалығыңызды қатар алып жүріңіз.
7. Сүйікті тағамын сүйкімді етіп дайындай біліңіз. Күйеуіңіз сізді жиі ас үйден көргені дұрыс. Дәмі тіл үйірер түрлі тағамдармен жұбайыңыздың жүрегін жаулап, көңілінен шыға аласыз.
8. Қолдаушысы және қолғанаты бола біліңіз. Күйеуіңіз қандай да бір істі бастағанда, сіздің қолдауыңыз ол үшін маңызды. Сізді өз қабырғасы санап, ақыл сұрайтын сәттерінде де қолдан келгенше көмегіңізді аямаңыз. Қол жалғап жіберу үшін айтқан сөзін жүзеге асыра салыңыз.
9. Жұбайыңыздың жақын жандарын, достарын бағалаңыз. Кез келген ер адам өзгелердің сіз жайында айтылған жайсыз әңгімесін естігісі келмейді. Керісінше, жақындарының, достарының сіз туралы айтылған  бір ауыз жылы сөзі оның жүрегіне жылулық ұялатады. Ал туыстарына деген құрметіңіз, ол сіздің күйеуіңізге деген құрметіңіз болмақ.
10. Күйеуіңізге ұнамайтын іспен айналыспаңыз. Қандай да бір шешімді қабылдамас бұрын, әуелі жарыңызбен ақылдасып алыңыз. Өз бетінше шешім қабылдау ер азаматтарға ұнамайтын істердің бірі. Сонымен қатар тырнағыңызды күйеуіңіздің алдында боямаңыз. Тырнақ түгіл, күйеуіңізге көз алдында бетіңізді бояғаныңыз ұнамауы мүмкін. Ал өзгелермен салыстыру, дауыс тонын көтеру, бұйыра сөйлеу т.б. ер азаматтардың ұнатпайтын ісі екенін сіз де білетін боларсыз.
08 наурыз 2018 ж. 1 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031