» » «KYZYLORDA BUSINESS HUB» облыстық стартап жобалар байқауының аудандық кезеңі өз мәресіне жетті

«KYZYLORDA BUSINESS HUB» облыстық стартап жобалар байқауының аудандық кезеңі өз мәресіне жетті



Аудандық кезеңді «Kyzylorda Business Hub» үйлестірушілері мен «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ біріге ұйымдастырды. StartUp Weekend Karmakshy іріктеу кезеңі 2 бөлімнен тұрды. Қатысушылар 3 тамыз күні онлайн-тренингке қатысса, 6 тамыз күні оффлайн-қорғау бөлімінде бақ сынады. Стартап жобалар байқауына аудан бойынша 16-29 жас аралығындағы 30-ға жуық жас кәсіпкерлер қатысты. Олардың 7-і оффлайн-қорғау бөлімінен өтуге өтінім білдірді.
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Қорғау кезеңінде көптеген мықты идеялар, жобалар болды.
Жобаға «Kyzylorda Business Hub» облыстық стартап жобасының ұйымдастырушысы Нұрлан Құлмырзаев, «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Берік Бәйділдаев, StartUp Weekend Karmakshy іріктеу кезеңінің координаторы Нұрасыл Бекматов әділ қазылар алқасы болып бекітілді. Қазылар алқасы арнайы талаптарға сай Ібіраш Мерейлімді, Қалабаева Динараны, Жүнісов Сәбиханды, Көбекова Жазираны, Төреахметова Меруертті және Мұратбекова Аружанды жартылай финал кезеңіне өткізді.
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Байқау қорытындысы бойынша «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Берік Бәйділдаев аудандық кезеңде I орын иеленген Жүнісов Сәбиханды 50 000 теңгенің, II орын иеленген Төреахметова Меруертті 30 000 теңгенің, III орын иеленген Ібіраш Мерейлімді 20 000 теңгенің сертификатымен марапаттады.




07 тамыз 2020 ж. 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930