» » Қызылорда облысында әлеуметтік қырық нысан жаңартылады

Қызылорда облысында әлеуметтік қырық нысан жаңартылады


Сыр бойы инфрақұрылымды жақсартып жатыр. Қармақшы ауданының өзінде мемлекеттен бөлінген 3 миллиард теңгеге әлеуметтік нысандар жаңартылуда. Биыл ұзын-ырғасы 40 жоба жүзеге асуы тиіс. Жосалы кентіндегі мына 50 орындық балабақшаның іргетасы қаланғанына жарты ғасыр болған. Бу қазандығы ғимараттың ішінде орналасыпты. Қауіп бар. Шатыры да тозған. Биыл бюджеттен қаржы бөлініп, айтулы мәселе шешімін тапты.

Роза Нысанбаева, балабақша меңгерушісі:
- Бу қазандығы бұрын ғимараттың ішінде орналасқан еді. Ол енді балалардың, қызметкерлердің өміріне қауіп төндіретін. Енді қазір соны сыртқа шығару жұмыстары жүріп жатыр. Жақсы болып аяқталады деп ойлаймыз.

Ауданда биыл тақтайдай тегіс көшелердің де қатар көбейеді,-дейді мамандар. Соның бір парасы «III-Интернационал» ауылында іске асады.

Нұрлыбек Сайымов, «III-Интернационал» ауылының әкімі:
- Қазіргі таңда ұзындығы 1,5 шақырымды құрайтын көшеде жөндеу жұмыстары басталды. Аталған бағдарлама аясында 9 адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 4,7 шақырымды құрайтын 7 көшеге жоба-сметалық құжаттары дайындалып, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ұсынылды. Суы мен жылуы жоқ балалар кітапханасы да жаңартылып жатыр. Отыз жылдан бері күрделі жөнделмепті.

Гүлшара Қаниева, аудандық кітапханалар жүйесінің директоры:
- Бұрын енді балаларға қолайсыз болатын еді, пеші іштен от жаққан кезде. Қазір енді балаларға қолайлы жағдай жасалды. Іште бұрын су келмейтін еді. Қазір ішке су келіп тұр.

Мемлекеттік бағдарлама арқылы ауданда 5 білім беру нысаны қайта жаңғыртылады. 11 көше жөнделіп, жаяу жүргінші жолы мен саябақтар абаттандырылмақ. Ұзын-ырғасы әлеуметтік маңыздағы 40-тан астам жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Мұса Қалдарбеков, қармақшы ауданының әкімі:
- 40 жоба бойынша 804 адам жұмысқа орналастырылу керек болатын Оның 409-ы біздің ауданның жұмыспен қамту орталығынан алыну керек болатын. Олардың бәрі қазіргі таңда алынды. Енді оның ішінде әлеуметтік нысандар бар. Жолдар бар, абаттандыру бар. Сондай барлық жұмыстар қамтылуда. Байқоңыр қаласы мен оның жанындағы Төретам, Ақай ауылдарындағы бірқатар мектеп пен балабақшалар да жөнделеді. Бұл нысандар жаңа оқу жылына сақадай сай болуы тиіс.


07 тамыз 2020 ж. 532 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 330
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031