» » "Әлеуметтік бастама жастардың әлеуетін көтереді"

"Әлеуметтік бастама жастардың әлеуетін көтереді"

   
"Президенттің бес əлеуметтік бастамасы" керемет үндеу болды. Қасиетті Қазақстан елінің халқы біріксе, бауырмалдығы арта түссе алмайтын қамалы, ауызбіршілігін бұзатын ешкімнің амалы болмайтынын тағы бір көрсетіп берді. 2018 жыл 5 наурызда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында айтылған Президенттің бес бастамасы миллиондаған азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға, теңдессіз әсер ететіні сөзсіз.    
Елбасы көтерген міндеттің ішінде жастарға тың серпіліс беретін "Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" деген бірінші бастама. Көп жастарымыз пәтер жағалап жүр. Үйлену оңай, үй болу қиын десек мәселенің негізгі түйіні осы баспанада жатыр. Ал білім алатын жастарға біліммен және жатақханалармен қамтамасыз ету керек екеніне тоқталды. Үстіміздегі жаңа оқу жылына 20 мың қосымша грант бөлу, оның ішінде 11 мың грант техникалық мамандықтарға бөлінсе 2022 жылдың соңына дейін жастарды 25000 орынды қамтитын жатақханалармен қамтамасыз етілетіндігі көңілді жылытты. Міне сондықтан жастар қашанда Елбасының назарында екені айтпасада түсінікті деп ойлаймын. Өйткені жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мен жоғары білім алуға бөлінетін гранттар көлемі мен қаржыны ұлғайту жастарға беріліп отырған үлкен мүмкіндік деп білемін. Бұдан бөлек құрылыс саласын дамытуда тұрғын үй несиесінің қолжетімділігі бастамасы, шағын және орта бизнесті дамытуда азаматтарға берілетін микронесиелеуге бөлінетін соманы арттыру, жаңа газ құбыры салынатын өңірлерде экологияны жақсарту және тұрғындардың тұрмыстық мәселелерін шешуді міндеттеген. Осы орайда, Қармақшы ауданы жастары Президент ұсынған бастамаларды бірауыздан қолдайтынына сенімдіміз.
 
Мұхтар Айшықұлы ИБРАЕВ
Аудандық мәслихат депутаты,
Қармақшы аудандық жастар ресурстық
орталығы КММ-нің директоры
07 наурыз 2018 ж. 1 588 1

JeaCold от 23 ақпан 2019 13:27
How Order Periactin Pills cialis Viagra Ahnliches Mittel Silagra Online Bestellen

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031