» » Шыны зауыты жыл соңына дейін пайдалануға берілмек

Шыны зауыты жыл соңына дейін пайдалануға берілмек

то: Қызылорда облысы әкімдігі
Бұл жөнінде Қазақстан Даму банкінің басқарушы директоры Думан Әубәкіров мәлімдеді деп хабарлайды LS басылымы.
Әубәкіровтің мәліметіне сүйенсек,2017 жылдың тамызында заем беруші Қазақстан Даму банкі және Orda Glass Ltd компаниясы инветостор мекемелермен келісім жасасып, қосалқы мердігерлер жұмысқа тартылған.
«Қазіргі уақытта нысанда жұмыс басталды. Қосымша сома туралы мәселе көтерілген жоқ. Кесте сақталса, шамамен 2018 жылдың аяғына қарай зауыт салынып бітуі тиіс»,- деді ол.
Бұл ретте Қазақстан Даму банкі басқарма төрағасы Болат Жәмішев Қытай инвесторлары жобаға тек акционер ретінде ғана кіреді деп отыр.
«Қытай инвесторларына акцияларын сатқысы келіп отырған бір компания бар. Және Orda Glass Ltd компаниясында 20 пайыз үлеске ие америкалық «Стюарт Инжниринг» компаниясы бар. Олардың арасында бұл жобаға қытай инвесторларын қатыстыру мәселесі бойынша көптеген сұрақтар шешілген жоқ» деді ол.
Жәмішевтің сөзіне қарағанда, бүгінде Қызылорда облысының әкімі және кредитор ретінде «Бәйтерек» холдингі мен Қазақстан Даму банкі акционерлер арасында қолайлы шешім табуға тырысып жатыр.
«Бірақ бұл басқаруға күрделі процесс [...]. Әзірге жобаға қатысушылар жөнінде, оның ішінде қаржыландыруға қатысты ешкім банкке мәселе қойып отырған жоқ. Біз келіссөз нәтижесін күтеміз» деді ол.
Сонымен қатар Жәмішов Қазақстан Даму банкі осы жылы экономикаға 405 млрд теңге салатынын айтты. Оның ішінде 15 жобаны 322 млрд теңгеге қаржыландыру жоспарланып отыр.
06 наурыз 2018 ж. 997 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 187

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 304

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930