» » Қызылорда облысына 9 оттегі концентраторы жеткізілді

Қызылорда облысына 9 оттегі концентраторы жеткізілді




Қызылорда облысына #жақсылықжаршысы акциясы аясында 9 дана оттегі концентраторы жеткізілді. Бұл аппараттардың қаржысы белгілі блогер @dauletten (Дәулет Мукаев) және айтыскер ақын, қоғам белсендісі @aidyn_nury (Айнұр Тұрсынбаева), сондай-ақ, Қазалы ауданының тумасы, «Эльмира Ешниязова жеке қайырымдылық қорының» Эльмира Ешниязованың инстаграм парақшасындағы оқырмандар тарапынан жиналған.
Жалпы бүгінгі күнге дейін Түркия елінен Қазақстанға жоғарыда аталған азаматтардың ұйымдастыруымен 125 оттегі концентраторы келген. Әлі де аппараттар келеді деп күтілуде.
Осы құрылғылардың барлығы «Атамекен» ҰКП қолдауымен «PONY_EXPRESS_KZ» логистикалық компаниясы және «SCAT» әуекомпаниясы арқылы еліміздің барлық өңірлеріне жолданды, соның ішінде Қызылорда облысына 9 данасы жеткізіліп отыр.
Оттегі аппараттарын Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов қоғамдық бақылау мүшелері мен жоғарыда аталған азаматтардың өкілдеріне табыстады.
Аталмыш аппараттар:
Қызылорда қаласындағы облыстық медицина орталығына – 1 дана,
Қызылорда қалалық ауруханасына – 1 дана,
Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына – 2 дана, Қазалы ауданындағы ауруханаға – 2 дана,
Байқоңыр қаласындағы көпбейінді ауруханаға – 1 дана,
Арал аудандық орталық ауруханаға – 1 дана,
Тасбөгет кентіндегі қалалық туберкулезге қарсы диспансерге – 1 дана.
Жалпы саны 9, оның ішінде 4 аппарат «Эльмира Ешниязова» қорына тиесілі, «Дәулеттен» және «Айдың нұры» қорына 5 аппарат тиесілі.
Қызылорда облысындағы аппараттарды табыстау шарасына қатысқан Эльмира Ешниязова Түркиядан алынған аппараттарға қаржы ел болып жиналғанын айтып, үлес қосқан әр азаматқа алғысын білдірді.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
21 шілде 2020 ж. 529 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930