» » Қазақстандықтар екі апта ішінде 10 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алған

Қазақстандықтар екі апта ішінде 10 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алған

Коронавирус пен пневмонияның таралуы жөніндегі ақпараттардан кейін қазақстандықтар дәріханалардан түрлі препараттарды жаппай сатып алуда. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, қазақстандық дәріханалар жаздың алғашқы 2 аптасында 10 миллиард теңгеден астам табыс тапқан.


Мемлекеттік кірістер комитеті аталған соманың тек онлайн-БКМ деректеріне ғана негізделгенін атап өтті. Ревизорлардың айтуынша, нақты сома бұдан әлдеқайда жоғары: фармацевтикалық бизнеспен айналысатындардың көбісі өз табыстарын жасырады.

Республика бойынша «дәріхана» қызмет түрін көрсете отырып, барлығы 3 527 кәсіпкер, 7 674 онлайн-БКМ тіркеген. Онлайн-БКМ енгізу салық есептілігін күтпестен, айналымдар сомасын ғана емес, өткізілген тауар, жұмыс немесе қызмет үшін есеп айырысу кезінде оны қолданбайтын кәсіпкерлерді де мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Мысалы, 868 дәріхана иелерінің онлайн-БКМ қолданбайтыны аңықталды, бұл ретте олар өз қызметін тоқтатқан жоқ. Жалпы, 3 527 дәріхананың ішінен 60% немесе 2137 дәріхана нақты айналымдарын көрсетті.

Осыған орай мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде чектерді талап ете отырып, азаматтық белсенділік танытуға шақырады.
02 шілде 2020 ж. 614 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728