» » Рейд жұмыстары күшейтілді

Рейд жұмыстары күшейтілді

ЖОСАЛЫ, 28 маусым – qarmaqshy-tany.kz Ауданда коронавирус індетін жұқтырған науқастар саны көбеюіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қармақшы аудандық полиция бөлімінде аудан әкімінің орынбасары Ж.Омаровтың төрағалығымен жиын өтті.


Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары дүкендерде қызметкерлердің маскасыз жүруі, қолғапсыз қызмет көрсетуі, дезинфекция құралдарын пайдаланбауы, қоғамдық жерлерде арақашықтық сақталмауы әлі де кездесетінін және осы себептен дертке шалдығушылар саны артып отырғандығын айтты.

Осыған байланысты, полиция қызметкерлеріне әкімшілік қызметкерлерімен бірлесіп жергілікті кәсіпкерлік нысандар мен халық көп шоғырланатын орындарға күнделікті үздіксіз рейд жүргізуді тапсырды.

«Сауда нысанына 2 сағат сайын дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу керек. Сатушылар да үнемі маска мен қолғапты тастамауы тиіс. Тұтынушылар да бетпердемен келіп, кейбір заттарды арнайы қаптамамен алуы қажет.

Халық денсаулығына бейжай қарамаймыз, бұл түсіндіру жұмыстарын күшейтуіміз керек. Талапты орындамай берілген ескертулерді елемегендер болса әкімшілік шара қабылданады» - деді Ж.Омаров.

Осы ретте, аудан тұрғындарын аурудан қорғану мақсатында үнемі маска мен қолғап киюге, қорғаныш құралдарын ылғи пайдалануға, қоғамдық орындарда арақашықтық сақтауға, өзінің және жақындарының денсаулығын ойлауға шақырамыз.
28 маусым 2020 ж. 780 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 431
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930