» » Партиялық бақылау жүргізді

Партиялық бақылау жүргізді

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы құрылыс жұмыстарына партиялық бақылау жүргізді. Партиялық бақылау комиссия мүшелеріне қоғам белсенділері, аудандық мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері бекітілген.
Ауданы бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 40 жоба іске асырылады. Оның ішінде 10 әлеуметтік мәдени нысан, 2 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 11 инженерлік-көлік инфрақұрылым нысаны және 17 елді мекенді абаттандыру жұмыстары жоспарланған.
Апта ішінде комиссия мүшелері №6 «Айсұлу» балабақшасының ағымдағы жөндеу жұмысымен, Қорқыт ата көшесіне жаяу жүргіншілер жолын орнату, балалар кітапханасының ғимаратын жөндеу мен Жосалы кентіндегі «Жастар» саябағына спорттық тренажер және стритбол алаңын салу секілді жұмыстармен танысты.
Одан бөлек, Қармақшы ауылындағы №13 «Балбөбек» балабақшасының ағымдағы жөндеу жұмысына партиялық бақылау жүргізіп, сметалық құжат бойынша тексерді.
Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов мердігер мекемелерге жұмыстың сапалы болуына аса мән берілу керегін жеткізіп, алдағы уақытта әлі де бақылау жүретінін ескертті.

«Қт» ақпарат

27 маусым 2020 ж. 867 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 678
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 430

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031