» » Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына марка шықты

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына марка шықты



ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пен «Қазпошта» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған пошта маркаларын сатылымға шығару рәсімін өткізді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тақырыптық марка шығарған алғашқы құқық қорғау органы. Марка дизайнына құқық қорғау органының коммуникативті логотипі негізге алынған. Маркада Агенттіктің «Әділдік. Парасаттылық. Сенім» құндылықтары жазылған. Бұл құндылықтар логотипте қолданылған түстерде де берілген: аспан түстес – әділдікті, кемелдікке, жаңару ғаұмтылуды; көктүс – сенім мен қауіпсіздікті бейнелейді.
Пошта маркасына естелік белгі соғу салтанаты Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев пен «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасы Сакен Сарсеновтің қатысуымен өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы өз сөзінде шараның маңыздылығын атап өтті.
«Жемқорлықпен күрес өзгеріске ұшырады. Бұрынғы қорқынышты, жазалау шараларына берілген басымдық енді құқықбұзушылықтардың алдын алуға, оның мүмкіндік терін жоюға ауысты. Cондықтан, Агенттікқылмыстық-құқықтық шаралармен қоса, жемқорлықты қабылдамау идеясын насихаттауға, ақпараттандыруға, сонымен қатар азаматтық қоғамды кеңінен жұмылдыруға күш салуда. Марканышығару – осы жолдағы қадамның бірі», - деді Алик Шпекбаев.
Ұлттық пошта операторының басшысы Сакен Сарсенов: «Марка шығару - Қазақстан аумағында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу идеясын таратуға және сыбайлас жемқорлыққа көріністеріне жол бермеу туралы Елбасы мен Мемлекет Басшысының ұстанымын сақтауға мүмкіндік беретін құрметті әрі ұмытылмас оқиға болады деп үміттенеміз», - деп атап өтті.
Марка 2020 жылдың 24 маусымынан бастап айналымға енеді. Бағасы – 200 теңге. Таралымы – 10 000 дана. Марканы «Мемлекет саясаты» сериясымен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі шығарды. Автор және графикалық дизайнер Д.Со, техникалық дизайн І.Оңғарбай.
24 маусым 2020 ж. 620 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031