» » Өнер сайысы өз мәресіне жетті

Өнер сайысы өз мәресіне жетті

ЖОСАЛЫ, 21 маусым – qarmaqshy-tany.kz  ІІІ Интернационал ауылдық онлайн кітапханасының ұйымдастыруымен, "Достық Жер МК"ЖШС, "Абай-Дәулет"ЖШС директоры,меценат М.А.Сәрсенбаевтың демеушілігімен, Ұлы ақынның даналығын,рухани асыл мұраларын насихаттау мақсатында Қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған"Абай қазақ поэзиясының биік шыңы"тақырыбында көрерменсіз,әділ қазылар алқасының қатысуымен өнер сайысы болып өтті, деп жазады Рима Тұрманова өз Фейсбук парақшасында.


Сайысқа жеті Абай өлеңін жан-тәнімен,ыстық жүректерімен сүйетін оқырмандар қатысты.
Олар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан, қара сөздерін көркем шеберлікпен, әндерін шырқап, М.Әуезовтің "Абай жолы" романынан сахналық қойылым көрсетіп өзара сайысқа түсті.

Сайысқа төрелік еткен әділ қазылар алқасы:
Г.Тоқтарбекова-ауылдық кітапхананың тұрақты оқырманы,ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімі аппаратының уақытша міндетін атқарушы,
Р.Аманова-кітапхана оқырманы,ауылдық емхананың мейірбикесі,
И.Умирзакова-мәдениет үйінің әдіскері.

Нәтижесінде әділ қазылар алқасының шешімімен жүлдегерлерге қаржылай сертификаттар табысталып, Қармақшы Ауданының әкімі М.О.Қалдарбековтің Алғыс Хатымен марапатталды.

Бас жүлдеге ие болған "Достық"балабақшасының тәрбиешісі Ибрагимова Сара - 50 000 теңге қаржылай сертификатымен марапатталды.
І орын - Меңдібілла Алима-30.000 теңге сертификат.
ІІ орын - Баймағамбет Қанат-20 000 теңге.
ІІІ орын - Мырзабекова Жібек -15 000 теңге.
Қалған қатысушылар ынталандыру -10 000 теңге қаржылай сертификат және Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры К.Қаниеваның Алғыс хатымен марапатталды.

21 маусым 2020 ж. 841 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930