» » Елімізде COVID-19 жұқтырған шенеуніктер қайда емделіп жатыр?

Елімізде COVID-19 жұқтырған шенеуніктер қайда емделіп жатыр?

Елімізде соңғы уақытта шенеуніктердің арасынан да коронавирус жұқтырғандар шыға бастады. Бүгін инфекция Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтан анықталды. Олардың оқшауланғаны БАҚ беттерінде хабарланды. Осы орайда жоғары лауазымдағы қызметкерлердің қайда емделіп жатқанын KAZ.NUR.KZ порталы хабарлайды.


Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан бір ауруханада – Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңадан салынған модульдік инфекциялық орталықта жатыр.


Бұл ақпаратты олардың өкілдері растады.


Үшеуі де бұған дейін фтизиопульмонологиялық орталықта (туберкулездік диспансер – ред.) болған екен.


Белгілі болғандай, жағдайы тәуір болған адамдар модульдік ауруханаға жіберіліп отырады.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Біртановтың жағдайы "қанағаттанарлық" екенін жеткізді.

"Жағдайы орташа қалыпты. Қанағаттанарлық. Ем-домын қабылдап жатыр. Нұр-Сұлтандағы модульдік ауруханада. Халықпен бірге, халықтың алып жатқан емін ол кісі де алып жатыр.  Штабтың жұмысын күндіз-түні онлайн режимде, ұялы телефон арқылы, чаттарға кіріп қадағалап, нұсқау беріп отыр. Ағзасы вирусқа қарсы терапияны жақсы көтеруде. Емделіп, жұмысқа қосылады деп ойлаймыз. Емдеу уақыты – 2-3 аптаның көлемі ғой. 9-хаттама бойынша, егер науқастың жағдайы жақсарса, өз келісімімен ауруханадан шығаруға болады", - деді ол.

Бекболат Тілеуханның көмекшісі депутаттың халі "жақсы" деп отыр. Ол келесі аптада ауруханадан шығуы мүмкін.


"Алдында диспансерде жатыр еді, екі күннен соң жаңа ауруханаға ауыстырды. Телефонмен демікпесі басылғанын, қазір жақсы екенін жеткізді. Сақтық шараларын сақтау керек екенін айтты", - деді мәжіліс депутанының көмекшісі.


Бұған дейін Берік Уәли коронавирустан қалай емделіп жатқанын, қазір жағдайы жақсарғанын мәлімдеген болатын.

"Менде симптомдар коронавирус анықталғаннан кейін байқала бастады. Дене қызуым жоғарылап, тамағып қышып, бүкіл денем сынып тұрғандай болады. Дене қызуымен он күндей түспей қойды, кей күні 39 градусқа жетті. Тәбетім де болған жоқ. Дәрігерлер тексерген кезде пневмония деген диагноз қойды, хаттама бойынша ем жазып берді. Кешеден бастап қана өзімді жақсы сезіне бастадым. Дене қызуым түсіп, тыныс алуым да жақсарды. Мені емдеп шыққан барлық дәрігерге және медициналық қызметкерге алғыс айтамын. Ол кәсібилігінің арқасында жағдайым жақсарды", - деді Тоқаевтың баспасөз хатшысы.

Ал Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннен симптомсыз коронавирус табылғандықтан, үйде емделіп жатыр. Ол Денсаулық сақтау министрімен байланыста болған.


Сонымен қатар, қауіпті дерт анықталған шенеуніктермен байланысқа түскен премьер-министр, қаржы, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, қорғаныс, экология министрлері мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та қазір үй карантинінде жатыр.


19 маусым 2020 ж. 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 081

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031