» » Қазақстандағы коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы не білеміз?

Қазақстандағы коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы не білеміз?

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев пен қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Халықова брифинг өткізді, – деп жазады Kyzylorda-news.kz


Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, коронавирус жұқпасы табылған тұлғалардың жағдайы тұрақты.

«Бір пациент 9 наурызда Алматыға келген. 1б санаты бойынша үй карантинінде жатқан. Екінші пациент 12 наурыз түнде Германиядан келді. Бұл уақытта бұл ел 1а санатына өткен. Сол үшін келген 12 жолаушы экипажбен бірге И.Жекенова атындағы инфекциялық ауруханада стационарға оқшауланған. Барлығы ДДҰ протоколына сай емделіп жатыр. Қазір барлығы 1 санат бойынша көпрофильді стационарларда 476 адам жатыр. №1 көпбейінді медициналық орталықта – 197, 2 ауруханада – 168 адам, №1 ауруханада – 111 адам карантинде жатыр»,- деді Т.Әбілдаев.

Басқарма басшысының айтуынша, қалада қажетті дәрі дәрмек пен зарарсыздандыру құралдары жеткілікті.

16 наурыз 2020 ж. 864 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 785
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 227

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930