» » "Birgemiz" қорына төрт адам 4 миллиард теңге аударды

"Birgemiz" қорына төрт адам 4 миллиард теңге аударды

"Birgemiz" қорына тағы 10 миллион доллар түсті. Бұл туралы қор басшысы Руслан Сәкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Оның айтуынша, 4 миллиард теңгеге жуық қаржыны төрт адам аударып берген. Бірақ олар өз аты-жөнін жарияламауды сұрады. Енді осы ақшаға әлеуметтік жағдайы төмен адамдарды қолдау шаралары жалғасады. 
 
"Жалпы, Елбасының бастамасымен құрылған "Birgemiz" қоғамдық қорына барлығы 28,5 миллиард теңге түскен. Осы қаржыға 470 мың отбасыға немесе 1,6 миллион қазақстандыққа атаулы көмек берілді. 50 мың теңге көлеміндегі бір реттік төлем 23 қалада және оған жақын елді мекендердің тұрғындарына аударылды", - дейді Сәкеев.

Бұдан бөлек, коронавирусқа қарсы күрес шараларына атсалысып жатқан 2 мың медицина қызметкері 50 мың теңгеден алды. Ал "Jas Otan" еріктілері әлеуметтік жағдайы төмен 100 мың отбасыға 5 миллион бетпердені тегін таратты. Бұның барлығы "Birgemiz" қорына түскен ақшаға сатып алынды.


18 маусым 2020 ж. 772 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930