» » Зейнетақы: Жинағынан кім қанша ала алады?

Зейнетақы: Жинағынан кім қанша ала алады?


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жиналған ақша көлемі 10 триллион теңгеге жеткен. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі енді сол жинақтан кімнің қанша алатынын есептеп жатыр.
Министр Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, зейнетақы қорындағы 10 триллион теңгені шамамен 10 миллион салымшы жинаған. Яғни, салымшылардың әрбіріне шаққанда миллион теңгеден келеді. Бірақ қордағы жинағын ешкім толығымен ала алмайды. Өйткені қартайғанда ешкім зейнетақысыз қалмау керек. Осы жағдайдан ең тиімді жолды тауып шығу үшін қазір әр түрлі нұсқалар қарастырылып жатыр дейді министр.
Басты басымдық үй-жайы жоқ, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілмек. Біржан Нұрымбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: - Қазір әркімнің зейнетақы жинақтары зейнеткерлік жасына қаншалықты жеткілікті деген сұрақ туып тұр. Ол ерлер үшін кемі 11 миллион, әйелдер үшін 13 миллион теңге болуы керек. Егер бұлай қарайтын болсақ, тек табысы жоғары азаматтар ғана зейнетақы жинақтарын пайдалана алатын болып шығады. Ал біз жағдайы төмен азаматтардың пайдаланғанын қалаймыз. Сондықтан түрлі нұсқалар қарастырылады.

14 қыркүйек 2019 ж. 808 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 547

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 616

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031