"Ақ Жол" Демократиялық партиясы Қазақстан Республикасының (1920-2020 жж) 100 жылдығына орай "Әр қазақ – менің жалғызым" атты фотоконкурс жариялады.
Байқаудың негізгі мақсаты - портреттік, тақырыптық және басқа да суреттер арқылы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан қазақстандықтардың бейнесін ашу, Алаш ұстанымдарын насихаттау.
Байқауға жас ерекшелігіне, мамандығына қарамастан, Қазақстан Республикасының барлық азаматы қатыса алады.
Байқау 2 кезеңнен тұрады:
1-кезеңде жұмыс "Ақ Жол" партиясының сайтында ашық дауыс беру арқылы таңдалады. Дауыс беру https://akzhol.kz/фотоконкурс-2/ сілтемесінде жүргізіледі.
2-кезеңде ең көп дауыс жинаған жұмыстар тәуелсіз кәсіби фотограф-сарапшылардан құрылған комиссия қарауынан өтеді. Шешімді байқау комиссиясы шығарады. Комиссия фотокөрменің экспозициясына конкурстық жұмыстарды енгізуге құқылы.
Байқау талаптары:
Жұмыстар 2020 жылдың 20 қыркүйегіне дейін https://akzhol.kz/байқау/тіркеу сілтемесіне тіркелу арқылы қабылданады.
Тіркелу барысында әрбір жұмыста автор туралы деректер: аты-жөні және жұмыстарының атаулары толыққанды түрде көрсетілуі тиіс.
Фотосуреттер JPG/JPEG форматтарында болуы және әрбір суреттің көлемі 5 Мb-тан аспауы керек және фотосуреттердің файлдық атауы "Фамилиясы және реттік нөмірі" форматында сақтап, тіркелуі тиіс. Мысалы: "Нурланов1.jpg", "Нурланов2.jpg", "Нурланов3.jpg" және т.б.
Қатысушы байқауға өз суретін жібере отырып, фотоның авторы өзі екендігіне және ол ешкімнің авторлық құқын бұзбайтындығына, сондай-ақ, сурет бұрын ешқандай фотобайқауға ұсынылмағандығына және ешқандай басылымда/интернет-ресурста жарияланбағанына кепілдік береді.
Фотобайқауға қатысушылар авторлық және сабақтас құқықтардың сақталуы бойынша жауапкершілікті өз мойнына алады. Байқауға қатысушының суреттеріне қатысты үшінші тараптан қандайда бір шағым түскен жағдайда қатысушы мәселені өз мүмкіндіктеріне сүйеніп, тиісті шығындарын өз есебінен жабу арқылы шешуге міндеттеледі.
Қатысушы байқауға өз суретін жібере отырып, Ұйымдастырушыларға болашақта өз фотоларын электронды және баспалы БАҚ құралдарында, Ұйымдастырушының сайты (https://akzhol.kz/) мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында авторлық қаламақысыз және коммерциялық емес мақсатта шектеусіз көлемде пайдалануға келісім береді. Ұйымдастырушылар фотобайқауға қатысушының суретін әрбір қолданған кезде автордың аты-жөнін тиісті талаптарға сәйкес көрсететін болады.
Байқауға жіберілген суреттер фотобайқаудың тақырыбына сай келмесе, суреттің шығармашылық және техникалық сапасы өте төмен деңгейде болса, фото эротикалық мазмұнда болса, сондай-ақ, суреттерде зорлық-зомбылыққа, нәсілдік және діни төзбеушілікке шақыру белгілері көрініс тапса, анонимді (автор туралы нақты әрі шынайы ақпарат берілмесе) болса, фотобайқауға қатыстырылмайды.
Суреттер автордың әлеуметтік желісінде #aqjol_photobaiqau хэштегі бойынша және @akzhol_partiyasy (Instagram әлеуметтік желісі) және "Ақ Жол" партиясы (Facebook әлеуметтік желісі) аккаунттарына орналастырылуы керек.
Ұйымдастырушы көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстарды байқауға жібермеуге құқылы.
Фотоконкурстың қорытындысы бойынша дипломдар мен келесі ақшалай сыйлықтар беріледі:
1-орынға 500 000 теңге;
2-орынға 300 000 теңге;
3-орынға 200 000 теңге.
Фотоконкурстың нәтижелері 2020 жылдың 1 қазанында жарияланып, "Ақ Жол" партиясының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарық көреді.
Байқауға қатысушылар арнайы фотокөрмеге қатысады.
Жүлделі орындарға ие болған жұмыстар республикалық «Қазақ үні» газетінде жарияланады.
Анықтама үшін телефон: 8 (7172) 602-673
Электронды пошта: press-akzhol@mail.ru