» » Аттестат алу рәсімі жалғасуда

Аттестат алу рәсімі жалғасуда

ЖОСАЛЫ, 4 маусым – qarmaqshy-tany.kz ІІІ Интернационал ауылының №108 орта мектебінде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен, бекітілген тәртіпте, карантин шарттарын сақтай отырып, мектеп бітіруші түлектерге "Аттестат тапсыру" рәсімі өтті.

Аттестатты мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Аймаханова Құндызай Жұматайқызы салтанатты түрде тапсырды.
Биылғы 2019-2020 жылында 459 оқушы мектеп бітірді.
Оның ішінде 11-сыныпты 16 оқушы бітіріп, бір оқушы Жөнкеева Назерке "Үздік аттестат" иегері атанды (сынып жетекшілері Огай Милана Олеговна, Жайсаңбаева Гүлжан, бастауыш ұстаздары Цой Любовь М,Елеусінова Райхан).
Сонымен бірге негізгі орта білім алып, 9-сыныпты бітіруші 38 түлектің төртеуі "Үздік аттестат" иегері атанды (сынып жетекшілері Ким Татьяна Владимировна, Тұрманова Арай)
Олар:
1. Арифова Лейла
2. Эйбов Эиб
3. Сайлауова Ақбал
4. Қуанышбаева Насихат.
Білім нәрімен сусындатқан тоғызыншы сыныптың бастауыш ұстаздары Шайымова Роза Мұқатайқызы,Сандибекова Лира Табынбайқызы.
Салтанатты жиын соңында ұстаздар, ата-аналар түлектерге ақ тілектерін білдірсе, мектеп бітірушілер "Ағаш егу" рәсімін өткізді.
Шараға тек түлектердің сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, ата-аналары қатыстырылды.

ІІІ Интернационал ауылының жаңалықтар
үйлестірушісі Р.Тұрманова



04 маусым 2020 ж. 1 626 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 297
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 747

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930